Кеше палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Онда депутаттар «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылайды. Ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы негізінде және Бюджет кодексіне сәйкес еліміздің 2019 – 2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сай әзірленген.
Сонымен қатар жалпы отырыста депутаттар назарына «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы ұсынылатын болады.
Жалпы отырыста басқа да заң жобаларын қарау жоспарлануда.