• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қараша, 2018

Ресей нарығы қазақстандық халал өнімдерге қызығушылық танытып отыр

316 рет
көрсетілді

Ресейдің Челябі қаласында өткен   «АгроПродЭкспо. Урожай-2018» көрмесіне біздің отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер   «HALAL QAZAQSTAN» деген брендпен  қатысты. Бұл жөнінде Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Олар ауылшаруашылығы өнімдері мен  азық-түлік , тағам өнімдерін қойды. «Злак+ М» атты рудныйлық компания 1999 жылдан бері макарон бұйымдарын шығарады. Олардың Қазақстанның облыстарына және Қырғызстанға танымал өнімі енді Ресей нарығына да жетті.

«Біздің өніміміз халал, ол тұтынушылардың қызығушылығын арттырып келеді. Көрме жақсы ұйымдастырылған екен, бірақ бәсеке болатын макарон өндірушілерді онша көрмедік, дегенмен көрме алаңы қашан да пайдалы. Бірнеше компаниямен кездестік, олар біздің өнімге жақсы баға берді. Қалалықтар біздің көрмеге қоюға апарған өнімімізді сатуды жиі сұрап келіп жатты. Қазақстаннан келген тауарлардың барлығын да сұраушылар көп болды», деді компанияның сауда менеджері Петр Шаульский.

Тіпті көрме басталмай жатып-ақ, челябліктер қазақстандық тауарларды сатып алуға кезекке тұрған. Қостанай қаласындағы «ДЕП» сүт зауыты Челябі нарығында көп жылдардан бері белгілі. Зауыттың өкілі Вадим Ямалетдиновтың айтуынша, фирма өнімін екі күндік көрмеге бірнеше рет тасуға мәжбүр болған.

«Челябі нарығында жергілікті тауар өндірушілердің өнімі қымбат, бірақ біздің өнімнің сапасы олардыкінен еш кем емес. Біз көрмеде сүтті өндіруші бағасымен саттық, бұл сатып алушыларға өте ұнайтыны сөзсіз. Ең бастысы алушылар біздің өнімнің табиғилығына, сүттің ұнтақ емес, нағыз табиғи сүт екеніне көзі жетті. Көптеген адамдар «сіздердің өнімді облыста қалай табуға болады?» деген сұрақтар қойды. «ДЕП» қазір бүкіл Челябі облысының нарығын қамту үшін барынша жұмыс жасап жатыр, сосын біз Екатеринбургке шығамыз», дейді Вадим Ямалетдинов.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай