Төрт жылда бір рет келетін Олимпия ойындары спорт падишасы саналады. Еркін күрестен әлемде алты рет алдына жан салмаған дағыстандық балуан Әли Әлиев кезінде “осы бар алтындарымды бір Олимпиада медалінің бодауына ойланбай-ақ берер едім” деген екен.

Мәселен, Атланта Олимпиадасында көпсайыстан Қазақстан қоржынына күн көзін шағылыстырып алтын салған Александр Парыгин: “Қазақстанда жаттығуға ыңғайлы спорт алаңдары жоқ, сондықтан келесі Олимпиадаға шет елдерде дайындаламын. Қаржысын уақытында төлеуді ұмытпаңдар”, деп паңсыған болатын. Төрт жыл әлемнің таңдаулы спорт ареналарында армансыз жаттыққан сол Парыгин Сиднейде олжа салмақ түгілі, жолдамасына ие бола алмады.Ал, жақында Лондон қаласында спорттық гимнастикадан өткен халықаралық жарыста шымкенттік Мөлдір Әзімбай осы қалада өтетін Олимпия ойындарына берілетін жолдаманы жан қалтасына салды. Сымға тартқандай сұлу қызымыз – атақты Нелли Кимнен кейін араға 32 жыл салып барып жолдама алған шымкенттік спортшы. Бекзада Бекзат Сиднейге жолдама алғанда құрама бапкерлерінің “әлі жас қой, бір-екі кездесуді жеңсе қанағат” дегенін естігенбіз. Баһадүр атанып қайтты. “Жақсы сөз – жарым ырыс” деген халықпыз ғой. Бәлкім, Мөлдірдің де тұманды Альбион елінде жолы оңғарылар.
Бақтияр ТАЙЖАН