• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қараша, 2018

Шәкәрімнің сүйегі салынған шабадан

982 рет
көрсетілді

Абайдың мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаеваның айтуынша, бұл – 1961 жылы Шәкәрім қажының сүйегі салынған шабадан. Бұл шабаданмен Ахат ата Құрқұдықта жатқан әкесі Шәкәрімнің сүйегін топырақтан аршып алып, Бақанастан Жидебайға әкеліп жерлепті.

– Шәкәрімнің сүйегі салынған шабадан нақты осы екендігі туралы Ахат Шәкәрімұлы, Мінәш Әр­хамқызы, Досымхан Тоқ­қараұлы жазбаларынан, естелігінен оқып, танысып көрдік. Шабадан 1952 жылы жасалып шық­қан, ұзын­дығы 72 см, ені 46 см, биік­тігі 24 см. Ішінде «Ле­нин­град,1952» де­ген жазу бар. Қарауылда тұр­ған Кен­жетілеу Долан­беков үйінің мүлкі. 1961 жылы Ахат ата Бақанасқа жол жүрерде өзімен бірге ала кеткен. Сол кез­д­­е­­рі жүр­гізуші боп іс­теп жүр­­ген Қабидолла Медеуов дәл осы шабаданмен Ахат ақсақалды Қа­рауылдағы Шағатай Ыс­­қақовтың үйі­­не апарып салғанын айт­­ты. Бұл жә­­­дігерді музей қорына 2017 жылдың шіл­де айын­да Айдар До­лан­беков та­быс­тады. Со­дан бері қа­рай қаншама зерттеулер жүргізіп, бүгін ға­на ашық жа­риялап отырмыз, – деді директордың орын­ба­са­ры Мейрамгүл Қай­рам­баева.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СЕМЕЙ