• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2018

Павлодардағы «Проманалит» ЖШС цифрландыру саласында 70-ке жуық жобаны жүзеге асырған

391 рет
көрсетілді

Облыс орталығында жұмыс жасайтын бұл компания экологиялық көрсеткіштерді талдау, «Жасыл экономиканы» дамыту, цифрландыру саласында 70-ке жуық жобаны жүзеге асырған.

Бұл күндері еліміздің Энергетика министрлігіне қарасты Цифрландыру департаментімен бірлесіп, Бірыңғай мәліметтер базасын дайындалып, сынақтан өткізілген.

Мысалы, елімізде, өңірдегі өндіріс орындары мен кәсіпорындардан қоршаған орта, ауаға тарататын зиянды заттарының белгіленген нормадан аспауы талап етіледі. Кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштері бірыңғай мемлекеттік жүйеге берілді.

Ал, экологиялық көрсеткіштерді бақылайтын құрылғыны «Проманалит» ЖШС жасап шығарған талдамалық шкафтар арқылы анықтауға болады. Компания өкілдерінің айтуынша, экологиялық көрсеткіштерді бақылайтын бұл құрылғылар Астанадағы және «Павлодарэнерго» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ-қа қарасты жылу-электр орталықтарында орнатылған. Серіктестікте жасалатын құрылғының құны 15 миллион теңге көлемінде және жоғары. Қажетті бөлшектер шеттен сатып алынады да, жергілікті инженерлер көмегімен құрастырылады.

Былтыр «Проманалит» ЖШС-і «SIEMENS AG» халықаралық компаниясының Solution серіктесі деген мәртебе алды. Енді экологиялық бақылау пункттерін ашу жоспарлауда. Компанияда 35 адам еңбек етуде.

Алдағы уақытта кәсіпорын «Павлодар» арнайы экономикалық аймағынан орын алып, мемлекеттік қолдау арқылы жобаларын жүзеге асырмақшы.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР