• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2018

Өскеменде қазақстандық мазмұнды арттыруға арналған жиын өтті

357 рет
көрсетілді

Өскеменде өңірдегі ірі кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен қазақстандық мазмұнды дамытуға арналған жиын өтті. Жиында «Қазцинк» ЖШС, Үлбі метталургия зауыты, «Орика-Қазақстан» АҚ, «Силумин Восток» және  «СКРП Полиус» секілді өндіріс орындарының қызметкерлері қазақстандық мазмұнды арттыруға қатысты атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

«Қазцинк» компаниясы 2012 жылы қазақстандық мазмұнды дамыту кеңсесін ашыпты. Бүгінде қазақстандық 71 кәсіпорын өндіріс орнымен серіктес екен. «Компания өзінің құрылған уақытынан бері тауардың сапасы мен бағасы, жеткізілуі шет елдік компаниялардан кем түспесе әркез басымдықты отандық кәсіпорындарға береді. Біздің жалпы сатылымда отандық өндірістің тауарлары мен қызметтері 62 процентті құрайды. Бір сөзбен айтқанда, біз жыл сайын 180 миллиард теңгеге қазақстандық кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтерін сатып аламыз. Бұл Президенттің қазақстандық өнімді қолдау бастамасымен де үндеседі. Осы тарапта біз Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, «Даму» қорымен және NADLoG агенттігімен бірлесе жұмыс істейміз», - дейді «Қазцинк» ЖШС-нің даму және коммерциялық сараптама қызметінің бастығы Татьяна Иванова.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН