• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Желтоқсан, 2018

Футзалдан «Төрттік финал» Алматыда өтеді

453 рет
көрсетілді

Футзалдан 2018/2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финалы» келесі жылдың сәуір айының аяғында Алматыда өтеді.  

Клубтық командалар арасындағы ең беделді жарыстың финалдық сайыстары бұған дейін бірқатар мемлекетте өткен. Ал Қазақстан айтулы бәсекені екі мәрте қабылдады. 2011 және 2017 жылдары Алматыдағы доп додасы аса жоғарыда деңгейде ұйымдастырылып, мамандар тарапынан «өте жақсы» деген бағаға ие болды. Бұл жолы «Төрттік финалында» «Қайрат» (Алматы), «Барселона» (Барселона), «Спортинг» (Лиссабон) және «Интер Мовистар» (Мадрид) клубтары күш сынасады.

Естеріңізге сала кетейік, «Төрттік финалында» ең мол олжаға кенелген ел – Испания. Пиреней түбегінің командалары 14 мәрте ақтық сынға дейін алқынбай жетіп, 9 рет топ жарды. Ресейлік клубтар үш жарыста дара шықса, Алматының «Қайратына» екі бас жүлде бұйырды. Сондай-ақ, Италия, Бельгия және Португалияда жасақталған командалар бір-бір реттен жеңімпаз атанды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»​​​​​