• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2018

Семейдегі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы арнайы кездесу өткізді

296 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Семейдегі  «Шығыс» өңірлік әскери өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімінде арнайы кездесу өтті.

Кездесуге Өскемен қаласы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Гір спортынан қол күресі бойынша Астана қаласының 20 жылдығы мен халықаралық дәрежедегі төреші В.Ф.Гелертті еске алуға арналған Қазақстан Республикасының кубогінде» 70 кг салмақ дәрежесінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дипломын иеленіп, 1-інші орын «Алтын медаль» алған,  армрестлинг кубогінің иегері Диас Ескермесов мен оның анасы Майгүл Қайсарханова келді.

Және осы кездесуге «Ақ Тай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қоры қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бақыт Сұлтанова, мүгедек балалармен жұмыс бойынша әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі Жәмиля Әміргалиева да қатысты.

-Кездесудің мақсаты 27943 әскери бөлімі байланыс торабының телеграфшы маманы, кіші сержант Майгүл Қайсарханованың үлгі тұтарлық тәрбие - өнеге, тәжірибесімен бөлісу болып табылды,-деді әскери маман Динара Әкімбекова,-осы арқылы қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың және олардың ата-аналарын үміттендіріп, қолдау көрсетуіміз қажет болды.

Кездесуде мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар арнайы келген мамандардан кеңес алып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Диастың анасы Майгүл Сайлаубекқызымен қызу сұхбаттасты.

-Қазіргі кезеңде көптеген жас отбасылар тұрмыс құрып, шаңырақ көтергеннен кейін өмірге сәби әкелгенде шала туылған немесе кемтар перзенттерінен бас тартып жатады,-деді Майгүл Сайлаубекқызы,-қиыншылықтарға қарсы тұруда жігерлері жасып, ажырасып кету жәйттары да бар. Сіңлі – бауырларыма айтарым ешқашан мойымай, тағдыр сынына төтеп беруде қайсарлық таныта біліңіздер. Мен осындайды бастан өткергендіктен қандай да болсын қиыншылықтың арты сый-құрмет екенін жеткізгім келеді. Көрер қызығымыз бен қуаныштарымыз әлі алда! Диасым қазір мені соған жеткізуде.

Әсерлі кездесу мүмкіншілігі шектеулі балалары бар ата-аналарға ғана емес әскери бөлімдегі жас сарбаздарға да үлгі болды. Кездесу соңында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, келген қонақтармен естелікке суретке түсті.  Әскери бөлімдегі әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс қызметінің жетекшісі Рауан Қымбатбекова қоғаммымыздағы білімді, білікті, күшті жауынгерлер мүмкіндігі шектеулі балаларды әрқашан қорғайды, Кездесуге бригада командирі подполковник Бегімбет  Тәжібаев та қатысып, барлығына ақ жол тілеп, қиындықтарға мойынсұнбаңыздар деген тілегін айтты.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,

Семей