• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2018

Жайық өзенінің суы тұрғындарға қауіп төндірмейді

328 рет
көрсетілді

Атырауда балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша 40 сынама су алынды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уаисов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, Ұлттық сараптама орталығы Атырау облыстық филиалының мамандары балықтың жаппай қырылу себептерін анықтау үшін Жайық өзенінен 40 сынама алды.

- Су химиялық көрсеткіштерге, улы химикаттарға, микробиологиялық көрсеткіштерге және паразитарлыққа тексерілді. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша су құрамында шекті рұқсат етілген көрсеткіштерден ешқандай асу көрсеткіштері тіркелген жоқ. Сондықтан, Жайық өзеніндегі су тұрғындарға қауіп төндірмейді, - деді Ерболат Уаисов.

Сонымен қатар, ветеринарлық дәрігерлер орталық қалалық базарларда сапасыз өнімдерді сатуға жол бермеу мақсатында балықтарды күнделікті тексеруді жүргізуде. Сондай-ақ, ветеринарлар қаладағы жол жиегіндегі базарлардан және жеке саудагерлерден балық өнімдерін сатып алмауға кеңес береді.