• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2018

«Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асты

283 рет
көрсетілді

Қызылорда облыстық балалар ауруханасында «Аурухана клоунадасы» жобасы жұмыс жасай бастады.

Жаңа жоба қысқа және ұзақ мерзімді ем алушы балаларға арт-терапия, ойын терапиясы арқылы өмірге құлшынысын ояту, ауруларын жеңуге жәрдем жасау, аурухана атмосферасына үйрету, көңілдерін аулап бос уақыттарын тиімді өткізуді көздейді.

Жоба авторлары әрбір қызметті ұсыну кезінде балалардың шынайы күлкісі мен олардың бір сәт болсын өздерін ауруханада жүргендерін ұмытып, ерекше құлшыныстарын көру үлкен қуаныш сезімін тудыратындығын айтады.

Бүгіндері осы жобамен Қызылорда қаласында орналасқан оқу орындарының педогогика мамандықтарының студенттері, шығармашыл және белсенді жастар жұмыс жасап келеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы