• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Желтоқсан, 2018

Азаматтық қоғам институты – мемлекет тұрақтылығы мен дамуының негізі

13678 рет
көрсетілді

Осы жылдың 27-28 қарашасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен VIII Азаматтық форум өткен болатын. Бүгін сол айтулы шараны зерделеп, қорытынды шығарудың мүмкіндігі туып отыр. 

Мемлекет басшысының VIII Азаматтық форумда сөйлеген сөзі биылғы 5 қазандағы халыққа Жолдауының заңды жалғасы іспетті болды. Жолдауда аза­мат­тық қоғамға деген месседждер – қазақстандықтардың жүргі­зіліп жатқан өзгерістерге қатыс­тылығы, тұтынушылардың құ­қық­тарын қорғаудағы ҮЕҰ рөлін арттыру, кері байланысты ны­ғайту, жаңғыртудың жо­ба­лық офисін ашу туралы ке­ңі­нен қамтылған еді. Форумда қа­зақ­стандықтардың өмір сүру сапасы туралы салиқалы сөз қозғалды. 

Біз үшін қо­ғамдық даму моде­лін жа­ңа­­дан сараптайтын уақыт келді. Ал­ды­мыздағы сын-тәуекелдерді ең­серу үшін мемле­кет­тің күші жет­кі­ліксіз. Оған бар­лық азаматтар тар­тыл­уы қажет. Қоғамдық даму минис­трлігінің құрылуы – осы сала­ны қайта жандандыру, жаңғырту үшін билік тарапынан жасалған нақты қадам десе де болады. 

Ішкі саясат сыртқы саяси же­­­­тіс­­­­тік­термен үнемі ұштасып, қа­нат­­­­тасып отыруы тиіс. Міне, осы тұрғыдан алғанда, VIII азаматтық форумның ая­сында мемлекет пен азаматтық қо­­ғам арасындағы соңғы он бес жылда болмаған ең жоғары дең­­гей­дегі диалог болды деп сенім­мен айта аламыз. 

Жалпы, бұған дейінгі өткен аза­­маттық форумдардың да тари­­хи мәнін түсінуіміз керек. 2003 және 2005 жылдардағы фо­рум мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасындағы өза­­ра іс-қимылдың тұтас инсти­туци­­оналдық базасын орна­туға мүм­­кіндік берді. Саяси диа­лог­тар сериясынан кейін аза­мат­­тық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұ­жы­рымдамасы қабылданды. Тұжырымдамада нақты бағыттар белгіленіп, қоғамдық кеңестер жүйесін дамытуға, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігін бағалауды қалыптастыруға қатысты шаралар қабылданды.

Солай бола тұра, «Мемлекет даму­ының жаңа кезеңінде аза­мат­тық қоғам, қоғамдық келісімнің шарты қандай болуы тиіс?» деген ауқымды сауалдарға жауап берілмеген соң, көзқарастардың уақытша алшақтығы пайда болды. Оның орнын әртүрлі идео­ло­гия­лық қайшылықтар тол­тыр­ғанымен, олар саяси жұ­мыс­тың нақты мазмұнын алмас­тыра алмады.

Бұл ретте Президенттің 2018 жылғы 28 қарашада форумда айтқан идеялары мен тапсырмалары Қазақстандағы азаматтық сек­торды жандандырып, дам­ы­ту­ға серпін беріп отыр. 

Біріншіден, Мемлекет басшысы ҮЕҰ қаржыландыру үшін олардың өз мәртебесін растайтын жаңа цифрлы шешім әзірлеуді тапсырды.

Мемлекеттік әлеуметтік тап­сырысты жетілдіру қажет­ті­гі туын­­дап отыр. Оның мем­ле­кет­­­­­­тік сатып алудың тендер­лік қа­ғи­­даттарына негізделуі үкі­­­­мет­­тік емес сектор құры­лы­мы­­­ның бұ­зыл­уына алып келді. Осының сал­да­рынан ҮЕҰ-ның мемлекеттің қо­лына қарап отыратын, салық тө­леу­шілердің ақ­ша­сына өмір сүре­тін және бір күндік тұтас конгло­мераты пайда болды.

Елді саяси жаңғырту про­це­­сін­дегі жаңалық − енді вери­фи­ка­цияланған ҮЕҰ элек­трон­ды тізілімін қалыптастыру ерікті не­гізде жүргізілетін болады. Әрине, мемлекет іске асырылып жатқан жобалар жөніндегі мә­лім­еттер туралы есеп беруді ол ұйым­дардың жауапкершілігінде қалдырады.  Белгілі бір кезеңде осы екі атал­­­­ған құ­рал параллель әре­­­­­кет етеді. Ең бастысы, біз ҮЕҰ-ны есеп­ті­лікті тапсыруға мәж­­бүрлейтін пара­док­салды жағ­дай­дан құты­латын боламыз. Бұл өз еркі­мен іске асырылуы керек. Бірақ тек ашық және аудит­телген есебі бар ҮЕҰ қаржы­­ландыруға ұсынылуы тиіс.

Сонда секторлар арасында өзара сенім орнайды.

Бұл ретте ҮЕҰ электронды тізілімі бизнес пен донорлар үшін тірек болуы тиіс.

Бло­к­чейндер мен смарт-ке­лі­сімшарттардың қа­з­­ір­гі заман­ғы әдістері арқылы ҮЕҰ-ны қар­жы­лан­дыруға ар­нал­­ған конкурстық рә­сімдер жеңілдетіледі. Бюро­кра­тиялық кедергілер азаяды.

ҮЕҰ-ның ста­тистикалық есеп­­­­терін ретке келтіру және бір­із­­дендіру, ұйымдық-құқықтық жа­ғынан жетілдіру қажет. Әре­кет­сіз ҮЕҰ үлесін қысқарту үшін банкроттық тәсілді қолдануға болады.

Екіншіден, Азаматтық фо­рум­ның бастамасына сәй­кес үкімет­тік емес сектор эко­но­ми­ка­ның неғұрлым үйле­­сім­ді және синергиялық бөлігі болуы тиіс.

Азаматтық форум құрылған 15 жыл ішінде мемлекеттік- әлеу­меттік тапсырысты қаржы­ландыру 65 есеге өсті. Алай­да біздегі ҮЕҰ секторында жұмыс­пен қамту еңбекке қа­бі­лет­ті халықтың кемінде бір пайы­зын құрайды, ал әлемдік тәжі­рибеде бұл көрсеткіш 15-20% - ға жетеді. 

Сонымен қатар бізде ерік­ті­лікті дамыту бойынша үлкен әлеует бар. Оны ақысыз еңбек фак­торы ретінде қабылдағанмен, ол да салымдарды талап етеді. Қаз­­ақстанға волонтерлер бойын­ша тәжірибе де, әріптестік те қа­жет.

Қазақстан KPI деп аталатын стратегиялық жоспарларды қа­лып­тастырудың әлемдік па­ра­диг­ма­сына сүйенеді, алайда мұның бәрі тиісті азаматтық бақы­лау­ды талап етеді. Мысалы, 2010 жыл­дан бастап елімізде мем­ле­кеттік органдар қызметінің тиім­­ділігін бағалау қолданылып келе­ді, алайда бізде оны мем­ле­кет­тік органдардың өздері жасайды. Әлемде мұны ҮЕҰ іске асырады. Немесе форумда айты­л­­ған ұсыныстардың бірі − жолдау­­лар мен стратегиялық жос­пар­ларды насихаттауда дәс­түр­лі ақпаратты-насихаттық топтардың орнын ҮЕҰ басуы керек.

Іс жүзінде біз үкіметтік емес ұйым­дардың мемлекеттік органдарға кіруіне шектеу бар екенін біле­міз. Оны азайту үшін жаңа тәжіри­белер мен әлеу­мет­тік техно­логияларды тарту қажет. Халыққа қызмет көрсету ор­та­лықтарынан бастап, барлық мем­лекеттік органдарға барудың кедергісіз үлгілерін жасау керек. 

Қазір Бас прокуратура, Ал­­маты, Астана әкімдіктері, Жоғар­ғы сот осы үлгіге көшті. Бір­ақ мұ­ның бәрі тұрақты және стан­­­дарт­талған болуы тиіс. Біз мем­ле­кет­тік қызметтерді элек­трон­ды форматқа көшіреміз, алайда бұл өзара іс-қимылға қажет­тілікті аяғына дейін алып тас­та­­майды. Халықпен кері байла­­ныс болуы шарт.

Сондай-ақ ҮЕҰ-ның эко­но­ми­каға неғұрлым тығыз кірігуі аясында қазақстандық биз­нес­тің азаматтық қоғам мен әлеу­мет­тік жауапкершілікке бет бұра баста­ға­нын айтқан жөн. Бұл жолда, яғни қайырымдылық пен донор бол­ғысы келетіндер үшін және олар­ды қолдауға мұқтаж адамдар бір-бірін табу үшін көптеген кедергілерді жою керек. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, бизнестің азаматтық қоғам институттарын дамытудағы үлесін кем дегенде төрт есе ұлғайту керек.

Үшіншіден, өткен Азаматтық форум мемлекет пен ҮЕҰ ара­сын­дағы диалог үшін жаңа формат болды.

Біз мемлекет үшін не істеу ке­рек­тігін күтпей-ақ, көп нәр­сені өздері жасағысы келетін аза­маттардың жоғары рухына және дайындығына куә болдық. Қа­зақ­станда қолдаушыдан ын­та­лан­дырушыға ауысудың қоғамдық трансформациясы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта біз әр азаматтың әлеуетін қалауынша іске асыруға мүмкіндік беретін мемлекет туралы айтуымыз керек. 

Бұл тұрғыда біз үшін нақты ІЖӨ-нің қарапайым өлшеміне қарағанда жоғары болатын өмір сапасын бағалаудың инклюзивті әдіснамасын таңдау маңызды.

Сондықтан осы Азаматтық форумда БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары басшылыққа алынды. 17 тұрақты даму мақсаты мен 169 индикаторды талқылау Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен бес алаңда өткізілді. 

Төр­тін­­шіден, форумда Мемлекет басшы­сы 2025 жыл­ға дейін­гі қо­­ғам­дық даму тұ­жы­рым­­­­дамасын әзір­леуді тапсырды. Бұл міндет Үкіметтің 2025 жылға дейін қабылданған стра­тегиялық жос­па­рымен үй­ле­сіп отыр.

Алдағы уақытта біз ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, өзгерістерге де дайын болуымыз керек. 

2019 жылы Жастар жылы деп жарияланды және бұл кездей­соқ­тық емес. Екі-үш жылдан кейін халық санының өсуін күтіп отырмыз. Бұл 90-жылдардағы демографиялық құлдыраудан құтылу үшін серпіліс болмақ. Қоғам құрылымындағы жастар саны мен үлес салмағы өседі. Сол үшін де инфрақұрылым, мек­тептер, ең бастысы құн­ды­лық­тар институттарын дайын­дау­ға тиіспіз. Енді ұлт инвестицияны жастарға салуы керек. Жастардың жұмыспен қам­ты­л­уын қамтамасыз ету, сапалы креа­тивті жұмыс орындарын ұсыну жөніндегі база қажет болады.

Осыған орай азаматтық сектор да топтасуы қажет. Мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы дамып келе жатқан диалогтың өзегі Қа­зақ­станның Азаматтық альянсы болуға тиіс.

Біз оны қайта құрылымдауды аяқ­тауы­мыз керек және ең маңыз­ды­сы, үкіметтік емес сектордағы сананы өзгерткен абзал. Бізге бұл саланы дамы­тып, соның ішінде жас­тар баста­ма­ларын қолдаған дұрыс. Ауыл­дық ҮЕҰ-ны, жер­гі­лік­ті қоғам­дас­тықтардың тұрақ­ты­лы­ғы­на бағытталған жобаларды дамыту компоненті кеңейтілуі тиіс.

Осы орайда, Мемлекет бас­шы­­сының тапсырмасы бойын­ша Үкіметтің 2019-2025 жыл­дар­ға арналған іс-қимыл жос­па­ры әзірленуде, оған форумда азаматтық сектор өкілдері айт­қан ұсыныстардың барлығы енгізіледі.

Қазір Қоғамдық даму минис­тр­лігі Қазақстанның азаматтық альян­сымен бірлесе отырып, осы мәсе­лені пысықтап жатыр. 90-ға жуық ұсыным 13 бағыт бойын­ша түсті. Оның ішінде заң жоба­ларын қарауда және саяси шешім­дер қабылдауда ҮЕҰ рөлін күшей­ту, ҮЕҰ туралы заңнаманы жетіл­діру, терминологиялық және ұғымдық жұмыс, ҮЕҰ-ның ұйым­дық-құқықтық нысандарын қайта жасақтау мәселелері бар.

Сонымен қатар Үкіметтің ашық­тығы мен айқындылығын арт­тыру, ол үшін ең үздік әлемдік тәжірибені алу.

Бюджет ашық­ты­ғы бастамасын қолдау;

Инклюзивті қоғам құру, даму ерек­ше­ліктері бар балаларға қыз­мет көрсететін ҮЕҰ ынталан­дыру, патронаттық тәрбие нысандарын дамыту, жетім балалар санын азайту. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту;

Азаматтық белсенділікті да­мы­туға және халықтың әлеу­мет­тік әлсіз топтарымен жұмыс іс­теуге бағытталған ҮЕҰ жобала­рын ақпараттық қолдау;

Ауылдық жерлердегі жобалар­ды қолдау. Тұтынушылардың құ­қық­тарын қорғаудағы ҮЕҰ рөлін арт­тыру;

Мемлекеттік әлеуметтік тап­сы­рысты және үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржы­ландыру жүйесін, салық заң­на­ма­сын жетілдіру, ҮЕҰ жобаларына до­норлардың қаражатын тарту. Ме­диация институтын дамытуға ҮЕҰ тарту;

БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын им­пле­­­ментациялау. Азаматтық қоғам­дардың диалогы арқылы сыртқы байланыстар мен бай­ла­н­­ыс­­тарды дамыту;

Сондай-ақ азаматтық ба­қы­лау, азаматтық мәдениетке баулу мен әлеуметтік инновациялар қамтылған.

Осы нақты ұсыныс­тар мем­ле­кет­тік органдарға, әкімдіктерге ке­лісуге жіберіледі. Азаматтық қо­ғам өкілдерімен талқыланады. 

Бұл істі біз жақында, уәкілетті орган жанындағы Үйлестіру ке­ңе­сінің отырысында бастап кетеміз.

Тұтастай алғанда, Үкімет бағ­дар­­­ламаның ауқымын анық­та­уы тиіс. Қолымыздан келетін немесе ой­ластыруды талап ететін мәселелерді объективті бағалау қажет. 

Ең бастысы, форум бізге кері жолдың жоқ екенін көрсетті. Бір орында тұруға болмайды. Инерциялық модель бойынша да қозғалуға болмайды. Азаматтық қоғамды жаңартып, жаңғыртуда орасан серпіліс жасау керек. Себебі азаматтық қоғам қазіргі әлемдегі тәуекелдердің алдында мемлекеттің сенімді одақтасына айналады.

Барлық қиындықты ауыз­бірлікпен ғана жеңе аламыз.

Дархан КӘЛЕТАЕВ, 

Қоғамдық даму министрі