• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Желтоқсан, 2018

Қоныс тойы қуанышқа кенелтті

442 рет
көрсетілді

Көпшіліктің дәл мұндай ақ түйенің қарны жарылған қуанышы көптен бері болмап еді. Сондықтан сүйіншілеп айтуға әбден лайықты.

Тұрғын үй тұрмыс жақсартудың басты себебі. 34 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй екі жылда салынып бітті. Шалғайдағы шағын ауданның орталығы үшін ауыз толтырып айтатын-ақ шаруа. Тұрғын үй кезегінде жүздеген адам тұр. Сең қозғалғанын көрген олардың ертеңге деген сенімдері нығайып қалды.

Бұл жолы бағы жанғандардың ішінде ата-анасынан айырылған 7 жеткіншек, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 10 отбасы бар.

–12 жыл кезекте тұрдым,–дейді отыз жыл білім саласында еңбек еткен Алтыншаш Асқарова,–бүгін қолымыз жетті, қуаныштымыз.

Бір адам болса да қуана бергенге не жетсін?!

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Астрахан ауданы