• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Желтоқсан, 2018

«Барыс» «Локомотивке» есе жіберді

290 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын өз мұз айдынында өткізген «Барыс» Ярославльдің «Локомотив» клубына есе жіберді.

Бірінші кезеңде «Барыс Аренаға» жиналған 4 048 көрермен бір ғана соғылған шайбаның куәсі болды. Ол голды қонақтардың ойыншысы Степан Санников салды. Үзілістен кейін Роман Старченко таразы басын теңестірген еді, көп ұзамай Егор Аверин «Локомотивті» қайта алға шығарды. Үшінші таймда таблдодағы есеп өзгерген жоқ. Осылайша, бұл бәсекеде 2:1 есебімен ярославльдік хоккейшілер жеңіске жетті.

Бәсекенің аяқталуына бес минут қалғанда «Барыстың» сапындағы 28 жастағы канадалық легионер Патрис Кормье мен 23 жастағы қонақтардың қорғаушысы Никита Черепановтың арасында кикілжің шығып, екеуі бір-біріне жұдырықтарын ала жүгірді. Бірақ төбелес ұзаққа созылмады. Қарсыласын бір ғана соққымен ұрып жыққан Кормье оның бетін қанға тбаяды.

ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінің жарыс кестесінде қазір «Барыс» 8-орында келеді. 39 ойыннан кейін олар 54 ұпай жиды. Енді астаналық хоккейшілер өзінің келесі кездесуін 24-желтоқсанда өз айдынында Владивостоктың «Адмиралына» қарсы өткізеді.       

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»