• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Желтоқсан, 2018

Қызылорда облысында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

513 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Полиция департаменті Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Іс-шара барысында жас балалар арасында жарақат алуды болдырмау мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметке түскен полиция жасақтарының, учаскелік полиция инспекторларының, сондай-ақ мектеп инспекторларының кәмелетке толмағандармен пиротехникалық бұйымдарды, оның ішінде білім беру мекемелерінің аумағында пайдаланудың жолын кесуге ерекше назар аударылып жатыр.

Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленбеген тәртіпті бұзатын және ірі материалдық залал келтіруге әкеп соқпаған, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес, пиротехникалық бұйымдар тәркілене отырып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатын болса, азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 483-бабының 1-бөлігімен пиротехникалық заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға 5, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10, орта кәсіпкерлік субьектілеріне 15, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. Сатушыларға осы жағдай түсіндірілуде.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ