• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2018

ШҚО Аягөз қаласында жалғыз басты қарияларға құрмет көрсетілді

556 рет
көрсетілді

Аягөз қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жалғыз басты қарттар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Ару ана» мейрамханасында дастархан жайылды.

Қамкөңіл жандарға жаңажылдық көңіл күй сыйлау мақсатында өткізілген шарада сыйлықтар таратылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ақ жаулықты аналар мен ақсақалдар ән айтып, би билеп, Аяз атаға өз өнерлерін паш етіпті. «Жаңа жылдық мерекені басқа жерде өткізуді жөн деп шештік. Себебі, біздің орталыққа қарайтындардың көбі мұндай жерлерге бара бермейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеу басты міндетіміз болғандықтан осындай үлгідегі жұмыстар қажет-ақ» дейді Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Алмагүл Болатбекқызы.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз қаласы