• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 28 Желтоқсан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

354 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекеттер басшылары келе жатқан Жаңа жылмен бір-бірін құттықтады.

Әңгімелесу кезінде көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен басымдықтарын, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. 

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз жағы бастамашы болды.