• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Желтоқсан, 2018

Отандық МӨЗ мұнай өнімдері өндірісін ұлғайтуы есебінен еңбек өнімділігі арта түсті

389 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңдеу секторында еңбек өнімділігін арттыру мәселесін қарау барысында энергетика вице-министрі Б. Ақшолақов мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы саласында өнімдер өндірісі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, 2018 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі $89,6 мың/адамды, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты өсім 114,2% құрады. Еңбек өнімділігі отандық мұнай өңдеу зауыттарының (Атырау МӨЗ, Павлодар МХЗ, Шымкент МӨЗ және «Каспи Битум» ЖШС) негізгі мұнай өнімдерін өндіруі есебінен ұлғайтылды.

«2018 жылдың 6 айында 1713,6 мың т автобензин, 119,1 мың т авиакеросин, 2093 мың т дизель отыны және 375 мың т битум өндірілді. 2018 жылы 3,9 млн т автобензин (2017 жылға 130,9%), 389 мың тонна авиакеросин (2017 жылға 128,4%), 4,4 млн тонна дизель отыны (2017 жылға 110,2%), 2,59 млн т мазут (2017 жылға 78,96%) және 823 мың т битум (2017 жылға 112,6%) өндірісі күтілуде», — деді Б. Ақшолақов.

2018 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы саласындағы еңбек өнімділігі $8,2 мың/адамды, 2017 жылдың сәйкес кезеңіне нақты өсім — 109,7% құрады. Энергетика вице-министрінің айтуынша, негізінен еңбек өнімділігінің артуы полипропилен және метил-трет-бутил эфирінің өндірісін ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген.

Жалпы мұнай-газ химиясы саласында 2018 жылдың 6 айында 7,6 мың т бензол, 16,6 мың т полипропилен, 12,4 мың тонна метил-третбутилді эфир өндірілді.

Осы жылдың қараша айында параксилол өндірісі басталды және 6,1 мың т көлемінде өндіру күтілуде. Бензол өндірісі — 11,3 мың т, полипропилен — 27,3 мың т, 18,3 мың т — метил-третбутилді эфир өндірісі күтілуде.

«Жалпы еңбек өнімділігі тұрақты ұлғаюда. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырамыз», — деп түйіндеді вице-министр.