• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2012

Арқалықта алға басу бар

463 рет
көрсетілді

Арқалықта алға басу бар

 

Еліміз тәуелсіздік алған жылдар­дың алғашқы өтпелі ке­зең қиындық­тарынан шағын қалалар да шет қалмады. Әсіресе, өндірісі аз ша­һарлар қиыншылықты бастан кө­бірек өткізді. Солардың қатарында бұ­рынғы Торғай облысының орталы­ғы Арқалық қаласы да бар еді. Шү­кір, бүгінгі ел етек-жеңін жиып, кей­бір өзге мемлекеттерге үлгі болар­лықтай жетістіктерге жеткен кезде мемлекет тарапынан бұларға көмек қолы созылып, шағын қалаларды дамыту мақсаты алға қойылып отыр. «Алаш жолы» қоғамдық қорының Арқа­лыққа ұйымдастырған пресс-туры қаланың бүгінгі жағдайын көрсетуді көздеген болатын.

    Арқалықта алға басу бар

 

Еліміз тәуелсіздік алған жылдар­дың алғашқы өтпелі ке­зең қиындық­тарынан шағын қалалар да шет қалмады. Әсіресе, өндірісі аз ша­һарлар қиыншылықты бастан кө­бірек өткізді. Солардың қатарында бұ­рынғы Торғай облысының орталы­ғы Арқалық қаласы да бар еді. Шү­кір, бүгінгі ел етек-жеңін жиып, кей­бір өзге мемлекеттерге үлгі болар­лықтай жетістіктерге жеткен кезде мемлекет тарапынан бұларға көмек қолы созылып, шағын қалаларды дамыту мақсаты алға қойылып отыр. «Алаш жолы» қоғамдық қорының Арқа­лыққа ұйымдастырған пресс-туры қаланың бүгінгі жағдайын көрсетуді көздеген болатын.Арқалық қаласының тарихы 1956 жылдан басталады десек, халқының саны бүгінде маңайындағы ауылдармен қосқанда 40 мыңнан астам деп айтылады. Облыс орталығы болып дүрілдеп тұрған кезінде 70 мыңдай халық шат-шадыман күй кешіпті. Облыс тараған соң 1997 жылдан кейін қаланың тұрғындары жан-жаққа көшіп кетіп, қаншама көп қабатты үйлер қаңырап бос қалғаны белгілі. Әйтсе де, жерін сүйген жұртшылық қаланы тастап кетуге қимай, оның қайта түлеуіне тілеулес көңілмен қала береді. Осындай ақеділ пейілдің арқасында Арқалық бүгінде күн санап ажарланып келеді десек, артық айтқандық емес. Оған біз қалаға жасаған осы сапарымызда көз жеткізгендей болдық.Арқалықтың дәуірлеген кезі мен қазіргі кезін мүлде салыстыруға келмес, десе де облыс жабылған алғаш­қы жылдармен салыстырғанда ілгері­леу едәуір басым. Қанша дегенмен облыс орталығы үлгісінде салынған қаланың құлпырып кетуіне демеу жасалынса, өзі де келбетін бере қойма­ған шаһардың әсемденіп кетері кәдік. Арқалыққа басшы болып келгеніне жеті айдан жаңа асқан жас әкім Берік Әбдіғалиұлының келе сала қаланы абаттандыруға кірісіп кеткені де сон­дықтан болар. Мамыр айында келген ол жаз бойы абаттандыру жұмыста­рының қарқынды жүргендігін айта келе, бұл ретте қала халқының пейі­ліне ризашылығын білдірді. Бастап­қыда көп адамдар қаланың көркіне көрік қосу үшін қойылған жасанды мүсіндер мен талға ілінген шамдарды бекер қойдыңыз, оларды көп болса бірнеше күнде бұзықтар сындырып кетеді деп ескерту жасапты. Алайда, тәуекел деп іске кіріскен әкімнің өзі оның осы уақытқа дейін сол қал­пында мұрты бұзылмай тұрғанын қаланың бұзықтарының да өз мекендеріне жанашырлықпен қарауы деп түсінгенін айтады.Қалаға көп өнімді ауыл шаруашы­лығы береді. Бұрынғы Арқалық ауданына қараған ауылдар бүгінде толық­тай қалаға қарайды. Мал шаруашы­лығы мен егін шаруашылығы жақсы деңгейде дамып келеді деп айтуға болады. Сонымен бірге, қайта қалпына кел­тірілген құс фабрикасы да қарқынды жұмыс жасап тұр. Жылына 103 миллион дана жұмыртқа шығаратын фабри­каның алдағы жоспары оны 300 миллионға дейін жеткізу болып отыр. Боксит өндіре­тін кәсіп­орында бүгінде мыңға тарта адам жұмыс атқарады. Алайда, оның өнімі 2021 жылы бітеді деп жоспарланған. Сондықтан да жұмыс орны қалада көбірек болуы үшін жұмыстар қазірден жүргізілмек. Ол дегеніміз, шаруашылықты дамытудан бастап, өзге де салалардың ауқы­мын кеңейтуді арттыру деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, Арқалықта елеулі өнеркәсіп болмаса да халқының тұр­мысын ортадан жоғары деңгейге жет­кізу қажет. Осы тұрғыда жұмыстар жүр­гізе беру менің басты мақсатым деп білемін, дейді Б.Әбдіғалиұлы. Сон­дай-ақ, ол 160-тан астам бұзылуға тиіс ғимараттар мен үйлер бар екенін де назардан тыс қалдырмады. Бір жақсысы, олардың орны алдағы уақытта тұрғындарға коттедж салу үшін жер телімі болып тегін бөлініп берілмекші.Арқалық дегенде білім іздеген жанның ойына бірден Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институт түседі. Күндізгі және сыртқы бөлімді қоса есептегенде екі мыңға жуық студентті білім нәрімен сусындатып, өмірге жолдама беріп отырған киелі шаңырақтың бүгінгі тыныс-тірші­лі­гімен институт ректоры, география ғылымдарының докторы Сейітбек Қуанышбаев таныстырып шықты. Бірінші бағытымыз – жуырда ғана қай­та күрделі жөндеуден өтіп, студент­тер алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдайымен пайдалануға берілген 248 орындық жатақхана болды. Кейбір анау-мынау қонақ үйлер­ден кем түспейтін жатақхана іші кірсе шыққысыз мұнтаздай таза.Сонымен бірге, Ы.Алтынсарин мұражайындағы жәдігерлер де көздің жауын алып, тарихтан сыр шертіп тұр. Бейнелеу өнері мамандығы сту­денттерінің шығармашылық жұмыс­та­рынан құралған көркем суреттер мұражайы да ешкімді бейжай қал­дыр­майды. Ал қала мен сол өңір жайындағы мағлұматтардан сыр шертетін дала өлкесі тарихы облыс­тық мұражайы қызметі де көпшілік ризашылығын туғызуда.Арқалық жасөспірімдер театры­ның шығармашылығында да қызу жұмыстар жүріп жатыр екен. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты қойылымындағы Абай бейнесін көрер­мендер ерекше бір ықыласпен тамашалады. Театр директоры О.Мұ­қатова қойылымға жан-тәнімен беріле кіріскен актерлердің еңбегі қай кезде де көрермендердің жылы лебі­зіне бөленуде дейді.Қаладағы «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы ғима­ратының күрделі жөндеуден өтіп адам танымастай өзгеріп, бүгінде талантты балғындардың өнерлерін ұш­тап, тұсауын кесуде атқарып жатқан жұмыстарында есеп жоқ. Бассейін­нен бастап, бірқатар спорт түрлері­нен жаттығу залдары шынында да көңіл қуантарлықтай екен. Осының нәтижесі болар, жастар арасында гір көтеруден өткен әлемдік біріншілікте аталған мекемеде жаттығып жүрген Юрий Константиновтің күміс жүлде­ні иеленгені. Алты жарым мыңға жуық адам келіп, өздерінің талаптарын шыңдайтын орталықты 35 жылдан астам тәжірибесі бар талантты маман Елена Цвентух басқарады екен. Баланың қабілетін аша түсуде барынша жұмыстар жүргізілмесе, кейін көбіне кеш болып қалады дегенді алға тартады. Сондықтан да ата-аналар балаларының болашағына салғырттық танытпаса екен дейді.Иә, шаһардың барлық жағынан да еңсесін көтеріп, жаңа серпінмен күн сайын көркейіп жатуы қай-қайсымыз­ды да куантары сөзсіз. Арқалық жайын­дағы біздің ой да осыған саяды.Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,«Егемен Қазақстан». АРҚАЛЫҚ.