• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2019

Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті

402 рет
көрсетілді

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, 2018 жылы жоғары сұранысқа ие 15 мыңнан астам мемлекеттік «әдемі» нөмірлер сатылған.  

2018 жылдың екінші тоқсанынан бастап, мемлекеттік нөмірлерге G, I, J, Q әріптері жаңадан енгізіліп, ақылы негізде сатыла бастағаны белгілі. Жыл қорытындысы бойынша нөмір сатудан түскен қаржы көлемі 4 миллиард теңгені құраған. 

Айта кетерлігі, өткен жылдың басында елімізде адам атының алғашқы әріптері жазылған көлік нөмірлері де са­тылымға шыққан болатын. Онда әркім әріптерді өзі қалаған күйінде жаз­­дыра алады. Бірақ оның өзіндік құ­ны да бар. Мәселен, 010, 020, 030 деген нөмірлер шамамен 138 мың теңге тұ­ра­ды. Ал оған қала­ған әріптерді қос­са­ңыз, 276 мың теңгеден асып жығылады. 

Қазақстандық автобизнес қауым­дас­тығы таратқан ақпаратқа сәйкес, былтыр әкімшілік полиция органдарында барлық үлгідегі, оның ішінде қайта ресімдеуден өткен, автомобиль ауыс­тырған 1,2 млн көлік құралын тір­кеді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жыл­мен салыстырғанда 14,8 пайызға жоғары. 2018 жылдың басынан бері тіркеу­ге тұрған көлік саны ай са­йын 7,5 па­йыз­ға артып отырған. Тір­келген көлік санының көлемі бо­йынша өңірлер мен ірі қалаларға тоқталар болсақ, Түр­кі­стан облысы бойынша – 173 925 автокөлік, Ал­маты облысында – 173 453, Ал­маты қаласын­­да – 151 030, Астана қа­ла­сында – 101 431, Қара­ғанды об­лы­сында – 81 967, Шығыс Қазақ­стан об­лысында 73 130 автокөлік тіркеліпті. 

Аталған қауымдастық жүргізген сараптама нәтижелері бойынша елі­міз­дегі автопарктердің «қартайғаны» анықталып отыр. 2018 жылдың бас кезіндегі жағдай бойынша жаңадан тіркелген көліктердің 790 171-інің зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан. 20 жылдан артық жүрген машиналар саны − 464 236. 10-20 жыл аралығында жүрген көліктер саны – 325 935 бірлік. Ал 3-10 жыл аралы­ғындағы техника саны – 290 205, 3 жыл толмаған көліктердің қатары – 112 833.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»