• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қаңтар, 2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

407 рет
көрсетілді

Еурокомиссия MasterCard төлем жүйесіне 570 миллион еуро көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы Euronews хабарлады.

АҚШ-та орналасқан компанияға қатысты монополияға қарсы бақылау бес жылға созылған. Нәтижесінде, компания доминанттығын шектен тыс пайдаланғаны үшін жазаға кесілді.

Компанияны өздері тіркелген елдердегі тұтынушыларды комиссия төлеуге мәжбүрлегені үшін айыптап жатыр. 2015 жылы комиссия көлемі елдерге байланысты өзгеріп отырған. Сонымен қатар, жүйе төлемнің басқа жолын іздеп табуды бұғаттап, Еуропа бизнесінің дамуына кедергі келтірген.