• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2019

Павлодарлық жастар ұлттық нақыштағы киімдер желісін таныстырды

802 рет
көрсетілді

Павлодардық жас дизайнерлер күнделікті өмірге ыңғайлы Kerbezz ұлттық нақыштағы киімдер үлгісін таныстырды. Авторлар жобаны бастағанда павлодарлықтар ұлттық стильдегі киімдерді кию үшін ерекше күнді күтпей, кез келген күні жұмысқа, аулаға, серуенге шыққанда киіп кете беретін үлгі жасауды көздегендіктерін айтады. KerbezZ брендінің негізін қалаған жас дизайнерлер Аида Бихиянова мен Айымгүл Қалиақпарова өз бұйымдарына барқыт пен шифонды қолданған.    

«Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері ұйымдастырған сән көрсетілімі қайырымдылық аукционмен аяқталды. Кеш соңында шараға жиналған қонақтар өздеріне ұнаған бес киім үлгісін сатып алды. Ал аукционнан жиналған 120 мың теңге павлодарлық 2 жастағы Әбіш Айшаның еміне берілді.

Павлодар облысына іссапармен келген «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев өңірдің жастарымен кездесіп, жоба авторларын құттықтады.

Былтыр «Жас Отанның» IV Съезінде ұлттық бірегейлікті сақтау үшін жастар арасында киім-кешектегі ұлттық киім элементтерінің пайдаланылуын дәріптеуге ықпал ету мен ұлттық киім кию модасын қалыптастыру туралы айтқан едік. Міне, осы бастаманы бірінші болып павлодарлық жастар қолдады. Елбасының жеңіл өнеркәсіп – киім индустриясын қолға алу туралы идеясын да осы жастар іске асырып бастады. Біз әрдайым талантты жастарға көмек беруге дайынбыз, - деді Данияр Сүндетбаев.

Белсенділер өз кезегінде Елбасының Жастар жылының ашылу салтанатында мәлімдеген бастамаларына қатысты ойларымен бөлісті. Жыл басын осындай игі іспен бастаған павлодарлық жастар Елбасы айтқан жеңіл өнеркәсіпті дамытуға дайын екендігін жеткізді.