• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қаңтар, 2019

Демалыс күндері Қазақстанда 38 градус аяз болады

427 рет
көрсетілді

26-28 қаңтар күндері Қазақстанда ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. 

Синоптиктердің айтуынша, 26 қаңтар Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Бұрқасын,әсіресе, Астана қаласында күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Қазақстанның өзге аймақтарында да ауа температурасы төмендейді. 27-28 қаңтар аралығында Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.