Әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік бағдарламалардың операторы ретінде «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары тұрғындарды қолжетімді баспанамен, жұмыспен және бизнес-жобаларды дамытуға арналған құралдармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Осы тектес міндеттерді шешу үшін холдинг жастар бастамаларын іске асыруға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыруда. Бұл - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылуында қойған міндеттеріне сәйкес келеді.
Мәселен, «Даму» қоры арқылы жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсетіледі. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша микро және шағын бизнес секторындағы бастаушы кәсіпкерлерге инвестициялауға бес жылға дейінгі мерзіммен 6 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен, жеңіл шарттармен 8 мың АЕК-ке дейін несие беріледі. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушылары қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдік алу мүмкіндігіне ие.
2018 жылы іске қосылған Краудфандинг қызметі - жобаны ұжымдық қаржыландыру тәсілі. Онда өнім немесе қызмет жасау үшін ақша тұтынушылардан түседі. Қор жаңадан іс батаған кәсіпкерлерге құжат тапсыру, Starttime.kz краудфандин тұғырнамасында түрлі мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер беру және басқа да жұмыстарға консультациялық-практикалық қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар, «Даму» қоры жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, бастаушы кәсіпкерлерге арналған аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырады. Мысалы, «Астана ZhastStart» және «Ақтөбе ZhasStart» бағдарламалары 29 жасқа дейінгі жастарға арналған. Олар арқылы берілетін несие сомасы 20 млн. теңгеден, пайыздық мөлшерлемесі – 8,5% аспайды. «Астана Start Up» бастаушы кәсіпкерлерге 7,9% мөлшерлемесі бойынша 50 млн теңгеден аспайтын қарыз сомасына дейін қолдауды көздейді. Басқа бастамалар қатарында «Нұр Капитал» (Маңғыстау облысы), «Қос қолдау» (Қостанай облысы), «Даму Ақжайық» (Батыс Қазақстан облысы), «Алтын Кеме» (Атырау облысы), «Жібек Жолы» (Алматы) және басқа бағдарламаларды атап өткім келеді.
Қолдаудың тағы бір бағыты - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүргізіледі. Ондағы мақсат – жас азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қазір бұл жоба «Алматы жастары» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Осы бағдарламаны іске асыру үшін Алматы қаласының әкімдігі мен ҚТҚЖБ арасында келісім жасалды, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін банкке бюджеттік несие бөлінді, оның жалпы сомасы –3 млрд. теңге. Бағдарламаға қатысушыларға ерлі-зайыптының жасы 35 жасқа дейін болуы, Алматыда кем дегенде бір жыл тұрақты тіркеуде тұруы, отбасының жеке баспанасының болмауы, Алматыда кемінде алты ай жұмыс өтілі, қосымша кепілдік немесе ҚТҚЖБ-да тұрғын үй құрылысы жинақтарының болуы сынды талаптар қойылады. Несиенің жылдық мөлшерлемесі – 5 пайыз, мерзімі – 9 жылға дейін.
Холдингтің тағы бір еншілес ұйымы - Қазақстанның Даму Банкі «Taiburyl» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Керек Адам» әлеуметтік білім беру жобасын іске асыруда. Жоба шеңберінде орта арнайы және жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері мен 2015-2018 жылғы түлектері еліміздің ірі кәсіпорындарында ақысы төленетін тағылымдамадан өтеді.
Жалпы, «Бәйтерек» холдингі жастарды қолдаудың қаржылық және консультациялық құралдарынан бөлек, кадрлық саясатты да қолға алып отыр. Бүгінде холдинг қызметкерлерінің 17 пайызы – 29 жасқа дейінгі жас мамандар.
Айдар ӘРІПХАНОВ,
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы