• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2019

2018 жылы Болашақ шекаралық стансасы арқылы жүк тасымалдау екі есеге артты

499 рет
көрсетілді

2018 жылы Маңғыстау темір жолы бөлімшесінің Болашақ шекаралық стансасынан 400-ден астам пойыз жөнелтілсе, бұл - 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Түркменстанмен шекарадағы Болашақ стансасынан қазақстандық ауыл шаруашылығы өнім өндірушілердің өнімдері – бидай, ұн, ұңтақ өнімдері, арпа, сұлы және жасымық жөнелтіліп жатыр. Өнімдер Иран, Ауғанстан және Түркменстанға экспортталуда.

Жүк ағыны ҚР, ТР және ИИР арасын трансұлттық теміржолы дәлізінің бөлігі болып табылатын Болашақ – Серхетяка учаскесі бойынша өтеді. Бұл дәліз Парсы шығанағы аймағының теңіз жолына шығуды қамтамасыз етеді.

Болашақ шекаралық стансасы арқылы Алтынкөл – Болашақ – Серхетяка-Акяила бағыты бойынша транзиттік контейнерлік пайыздар тасымалы жүзеге асырылады. Бұл бағыт бойынша автобөлшектер, электрондық құрал-жабдықтар, шаруашылық тұтыну тауарлары тасымалданады.