• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қаңтар, 2019

Валерия Тюленова классикалық әдіспен жарысуда мәреге 22-ші болып келді

575 рет
көрсетілді

Финляндияның Лахти қаласында 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысқан шаңғышылар бәсекесі аяқталды. Қазақстан арасындағы үздік көрсеткішті Валерия Тюленова тіркеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайты хабарлады.

Осыдан бірнеше күн бұрын Тюленова еркін әдіспен 10 шақырымға жарысуда үздік бестікке енген болатын. 

Бүгін жалпы есебі 59 спортшы жарыс жолына шықты. Алайда, жерлесіміз айтарлықтай жақсы нәтиже көрсеткен жоқ. Жарыс қорытындысы бойынша ол 22-ші орынға табан тіреді. 

Бұл сында ресейлік Анна Жеребятьева жеңімпаз атанса, оның жерлесі Лидия Дуркина күміс медаль иеленді. Неміс қызы Катарина Хеннинг үшінші орында. 

Өзге қазақстандық спортшылардың нәтижесі мынадай: Ангелина Шурыга - 42 орын, Ксения Шалыгина - 43, Анна Мельник - 51.