• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2019

Бүгін Air India ұшағы шұғыл Астана әуежайына қонды

611 рет
көрсетілді

«Дели-Чикаго» бағытындағы «Air India» әуе компаниясының ұшағы жолаушының өзін жайсыз сезінуіне байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына шұғыл түрде қонды.

«Бүгін Астана уақытымен 07.30-да Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына «Air India» әуе компаниясының «Дели-Чикаго» бағытындағы ұшағы шұғыл жағдайда қонды. Жолаушылардың бірі демікпемен ауыратын болған, оның жағдайы нашарлаған. Әйел мен оның екі туысы Астананың №2 ауруханасына жеткізілді», - делінген ресми хабарламада.

Әйел адамды екі туысымен бірге қалалық № 2 ауруханасына жеткізген. 

Boeing 777 ұшағының бортында 341 жолаушы және 19 экипаж мүшесі болған.  "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ұшаққа жанармай құйып, техникалық бақылаудан өтті.