• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2012

Жаңаша талапқа негізделген жүйе

288 рет
көрсетілді

Жаңаша талапқа негізделген жүйе

Сенбі, 24 қараша 2012 7:09

Денсаулық сақтау министр­лі­гінде Бірыңғай ұлттық ден­сау­лық сақтау жүйесінің енгізілу барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.Бұл жүйенің еліміздегі ден­сау­лық сақтау мекемелеріне ен­гі­зіл­геніне үш жылға жуық­тап­ты. Кешегі жиында осы жылдарда не өзгерді, жүйенің тиімділігі қандай деңгейде деген сауалдар төңірегінде нақты мәліметтер келтірілді.Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі енгізілгелі бері Қазақ­станда алғаш рет азаматтар жос­парлы емдеу кезінде аурухананы еркін таңдау құқығына қол жеткізгені белгілі. Мұнымен қо­са, «ақша науқаспен бірге жүре­ді» дейтін қағидат пайда болды. Бұл өз кезегінде бәсекелестік ортаның қалыптасуына әкеліп, дәрігерлердің жұмыс нәтиже­сі­не қарай ақы төлеу қалыптасты.

Сенбі, 24 қараша 2012 7:09

Денсаулық сақтау министр­лі­гінде Бірыңғай ұлттық ден­сау­лық сақтау жүйесінің енгізілу барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.Бұл жүйенің еліміздегі ден­сау­лық сақтау мекемелеріне ен­гі­зіл­геніне үш жылға жуық­тап­ты. Кешегі жиында осы жылдарда не өзгерді, жүйенің тиімділігі қандай деңгейде деген сауалдар төңірегінде нақты мәліметтер келтірілді.Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі енгізілгелі бері Қазақ­станда алғаш рет азаматтар жос­парлы емдеу кезінде аурухананы еркін таңдау құқығына қол жеткізгені белгілі. Мұнымен қо­са, «ақша науқаспен бірге жүре­ді» дейтін қағидат пайда болды. Бұл өз кезегінде бәсекелестік ортаның қалыптасуына әкеліп, дәрігерлердің жұмыс нәтиже­сі­не қарай ақы төлеу қалыптасты. Кешегі жиында сөз алған Меди­циналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы Қанат Ермекбаев, ең бастысы, жүйенің негізгі қағидаттары жүзеге асып жатқанын баяндады. «Жаңа жү­йе республикалық бюджеттен қар­жыландыратын емдеу меке­ме­лері табысының молаюына мүмкіндік беріп, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 89 пайызға артты. Медицина қыз­мет­керлері сапалы қызмет көр­сетуге ынталана бастады. Емдеу мекемелері үшін медициналық техникаларды лизинг бойынша сатып алып, материалдық-тех­­­­никалық базаларды нығайтуға жол ашылды», – деді ол. Сондай-ақ, қазіргі таңда медицина қыз­меткерлерінің айлық жалақысы­на қатысты қоғамдағы түрлі пі­кірлерге былайша түсінік берді: «Жаңа жүйенің ерекшелігі, әр­бір емдеу ұйымдарына жұмы­сың­ды сапалы істе, соғұрлым қаржыңды молайт дейтін талап қояды. Мысалы, қазіргі таңда өз қызметкерлеріне жоғары дең­гей­де айлық жалақы төлеп отыр­ған көптеген емдеу мекемелері бар. Бұл олардың бәсекелестікке қа­бі­леттілігін, жүйенің тиімділігін пайдалана алатындығын көр­се­теді. Сондықтан, еліміздегі медицина қызметкерлерінің айлы­ғы туралы айтқанда, олардың бә­рі бір деңгейдегі айлық жа­ла­қы алып отыр деген түсініктен ау­лақ болған жөн».

Жаңа жүйенің ерекшелігі ре­тінде жоғары мамандан­дырыл­ған медициналық көмектің  және шетелдерден тех­нология жеткізудің жақсы да­ми баста­ғанын айтуға болады. Осыған дейін кардиохирургия, травматология және басқа да салалар бойынша күрделі оталар тек Астана, Алматы қалала­рын­да жасалып келген болса, ендігі жерде бұл оталар еліміздің бар­лық өңіріндегі облыс орталық­тарында жүзеге асып жатыр. Тіпті, бұл оталар бойынша көр­сеткіш осыдан екі жыл бұрын­ғымен салыстырғанның өзінде 4 есе өскен.Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша қыз­мет көрсетуде мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелері үшін теңдей жағдай жасалған. Со­ның есебінен мемлекеттік емес сектордың үлесі 17 пайыз­ға арт­­­қан. Бір ғана мысал ретін­де, гемодиализ бойынша қызмет көр­се­­туді айтуға болады. БҰДСЖ ен­­­­­­гі­зілгенге дейін амбулаторлық дең­гейде гемодиализ қызметін көр­сететін жеке меншік ұйым бі­реу-ақ болса, осы жылдың көр­сеткіші бойынша еліміздегі мұн­дай қыз­мет көрсететін 43 емдеу мекеме­сінің 16-сы жеке­ мен­шік екен.Дәл осы жүйенің шеңберінде денсаулық сақтауды дамыту жағ­дайында медициналық ұйым­дар­ды басқаруға жаңа талаптар қойылып жатқаны белгілі. Нә­тижесінде, республикамыздағы 915 мемлекеттік ұйымның 42 пайызы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға айналып, көп мәселелер бойынша дербес шешімдер қабылдап жат­қаны да баспасөз мәслихатында атап өтілді.

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан».