Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Уфаға қонаққа барған «Барыс» клубы овертаймда жергілікті «Салават Юлаевты» жеңіп кетті.
Матчтағы есепті уфалық команда ашты. Ойынның 8 минутында Артем Сергеев «Салаватты» алға жетелеген. Араға 47 секунд салып елордалықтар таразы басын теңестірді. Мергендігімен көзге түскен – Никита Михайлис.
Екінші кезеңде «Барыс» алға шықты. Андре Петерсон есепті 1:2-ге жеткізді. Әйтсе де, көп ұзамай «Салават» ойыншысы Линус Умарк таблодағы көрсеткішті теңестіріп кетті.
Үшінші кезеңде есеп өзгермей, овертаймға кезек келген. Қосымша уақытта астаналық команда жеңіске деген жігерін танытып, шайба салып кетті. Жеңіс добын 61-минутта Андре Петерсон соқты.
Енді «Барыс» келесі кездесуін 12 ақпан күні Новосибирскінің «Сибир» клубына қарсы өткізеді.