Бағдарлардың жүру кестесіндегі өзгерістер туралы хабарламаларды Астана LRT ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Ауа-райының нашарлауына байланысты қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Қоғамдық көлік бағдарларының қозғалысына қатысты өзгерістер туралы ақпарат «Астана LRT» ЖШС-нің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады. Жаңалықтардан Facebook, Instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан хабардар болыңыздар», – делінген «Астана LRT» компаниясының хабарламасында.