Жұма, 19 қазан 2012 7:21
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас аудандық перзентхана бөлімі ілкімді істер атқаруда
«Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасына отбасын жоспарлау мәселесінің енгізілуі жайдан-жай емес екендігі анық. Ендеше, отбасы мәселесі, оны жоспарлау дегеніміз – әйелдердің өсімталдық, яғни өсіп-өну үрдісін қадағалау арқылы денсаулығын сақтау және жақсарту болып табылады.
Жұма, 19 қазан 2012 7:21
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас аудандық перзентхана бөлімі ілкімді істер атқаруда
«Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасына отбасын жоспарлау мәселесінің енгізілуі жайдан-жай емес екендігі анық. Ендеше, отбасы мәселесі, оны жоспарлау дегеніміз – әйелдердің өсімталдық, яғни өсіп-өну үрдісін қадағалау арқылы денсаулығын сақтау және жақсарту болып табылады.
Қазіргі кездегі медицина саласының маңызды және басымды міндеттерінің қатарына ана денсаулығын қорғау, соның нәтижесінде өмірге дені сау ұрпақтың келуі, халық санының көбеюі тәрізді мәселелер жатады. Осыған орай біздің аудандық перзентханамыз да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Бұл күндері перзентхананың барлық бөлмелеріне беделер орнатылып, әйелдерге гигиеналық жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар, туылған нәрестелерге қосымша арнайы кереуеттер бөлінген. Босану залдарында табиғи жолмен босануға жағдай жасалынып, атап айтқанда, швед қабырғалары қондырылып, толғақты жеңілдетуге арналған арқандар ілінген. Түйіндеп айтқанда, жүкті әйелдер үй жағдайындағыдай әртүрлі қимылда болады (отырып, жатып, арқан көмегімен тағандап тұрып және т.б), сөйтіп онша қиналмай босануға мүмкіндік алады.
Босанғаннан кейін ананың балаға деген мейіріміне ықпал ету мақсатында нәрестені көкірегіне жатқызады.
Перзентханада атқарылып жатқан іс-шаралардың қатарына босану серіктестігі модулі енгізілген, яғни босанатын әйелге үйіндегі жақындарының біреуі келіп демеу болады. Осы арада атап айтарлығы – мұнда әрбір босанатын әйелге жеке бөлме бөлінген.
Бұған аудан көлемінде бірнеше жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан Түлкібас аудандық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қосқан үлесі сүбелі. Орталықтан ай сайын ана мен бала денсаулығына байланысты «Қауіпті аналық», «Қуан, сәби», «Отбасындағы сәбиге күтім жасау», «Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру жөніндегі кеңестер», «Қауіпсіз тамақтанудың бес маңызды қағидасы», «Жүкті және емізетін әйелдердің саламатты тамақтану негіздері», «Ана мен сәби тағамы» тәрізді ақпараттық-танымдық құралдар алынады. Сонымен бірге, семинарлар, ауқымды акциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу дәстүрге айналған. Перзентханада әр әйелдің құрсақ көтеруінен бастап туған күніне дейін есепке алынады және денсаулық мектебінде оқытылады. «Ана мен бала» денсаулығы мектебінде барлық жағдай жасалған. Тақырыпқа сай баннерлермен, санитарлық бұрыштармен және стендтермен жабдықталған. Орталық берген аудио-бейне роликтерді көрсету үшін де қолайлы орын бар. Ай сайын ана мен баланың денсаулығын қорғау және жақсарту мақсатында перзентхана психологы саламатты өмір салтын қалыптастыруға семинарлар жүргізіп, пайдалы кеңестер береді. Қорыта айтқанда, халықтың, оның ішінде ана мен баланың денсаулығын жақсарту үшін саламатты өмір салтын насихаттау өте маңызды болып табылады.
Дегенмен, еліміздің әрбір азаматы тек медициналық ақпаратпен және медициналық көмекпен шектеліп қана қалмай, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек екенін ұмытпағаны абзал.
Саламатты өмір салтын ұстаныңыздар!
Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Түлкібас аудандық саламатты өмір
салтын қалыптастыру орталығы.