• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Үкімет 05 Ақпан, 2019

Ж.Қасымбек: Жергілікті желілердегі автомобиль жолдарын 90% деңгейге жеткізу қолға алынды

439 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының кеңейтілген отырыста берген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

Ж.Қасымбек Елбасының «Жергілікті желілердегі автомобиль жолдарын жақсы жағдайдан 90%-ға дейінгі деңгейге жеткізу бойынша жұмысты белсендіру туралы» тапсырмасы бойынша 2019 жылы қымбат күрделі жобалардан салқын ресайклинг экономикалық орташа әдісіне көшетінін айтты.

Биыл паритетті негізде республикалық және жергілікті бюджеттен 150 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

Оның айтуынша, 2025 жылға қарай жергілікті желіліредің жағдайын 90 %-ға дейін жақсарту жолға қойылған.

Одан бөлек «АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін пысықтау» тапсырмасына қатысты 2019 жылы Министрлік «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп Жапония, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалаларына әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

«Биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдерін бастаймыз» деді өз баяндамасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.