• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Ақпан, 2019

2030 жылы әлем мұнайды пайдаланбайды - шетелдік БАҚ

577 рет
көрсетілді

Мұнайға деген сұраныс шыңына жетеді, сосын 2030 жылы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ҚазТаг агенттігі хабарлады. 

Edge Markets ақпараттық порталына сілтеме жасаған ҚазТаг агенттігі Bank of America ақпары бойынша, мұнайды әлемдік тұтыну алдағы жылдары күрт төмендейді. 2024 жылы сұраныс өсімі екі есе азайып, оның көлемі 0,6 млн баррельге дейін жетеді» деп хабарлайды.

Бұл ретте атап өтілгендей, 2030 жылға қарай сұраныс өсімі нөлге дейін қысқаруы мүмкін. Өйткені тұтыну тұрақты шыңына жетеді, сосын салыстырмалы түрде жылдам қарқынмен төмендейді.

Edge Markets мәліметіне сай, мұнай сұранысының қысқаруына электромобильдердің көбеюі әсер етпек.

«Электромобиль өндірісінің өсімі бірнеше негізгі металға тәуелді. Мәселен, литий Латын Америкасының бірнеше елінде үлкен көлемде өндірілетін. Бұл ретте кобальт кейбір көлік өндірушілер үшін үлкен проблема. Кобальттың әлемдік өндірісінің шамамен 62 %-ы Конго Демократиялық Республикасына тиесілі» делінген жарияланымда.

Хабарда айтылғандай, көлік шығарушылар уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуге қатысты қауіп салдарынан қаржысын тікелей кобальт өндірісіне салуға мәжбүр болуы мүмкін.