Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы «Central Azia Cement» АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн. теңге сомасына ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін күдікті», - делінген хабарламада.
Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған.
«Адамды экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының Болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды», - делінген хабарламада. Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.