• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2012

Интеграция – екі ел үшін де игілік

507 рет
көрсетілді

Интеграция – екі ел үшін де игілік

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:10

Ежелден іргелес жақын көршіміз–Ресеймен арадағы қарым-қатынас жібі тарихтың ұзын-сонар көшінде үзіліп көрген емес. Сол ұзына бойғы ширатылған керуеннің кей тұсында салынған іздер тым қанық түсіп жатса, бірде оның бедері солғын тартқан тұстары да болған. Қалай дегенмен де, екі арадағы байланыстар қай тарапқа да тиімділік тұрғысынан жүргізілгенде, мүдделестік, әріптестік пен ынтымақтастық тереңдей түскен шақтарда шекараның екі жақ бетіндегі халық оның пайдасын көретіні анық.

 

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:10

Ежелден іргелес жақын көршіміз–Ресеймен арадағы қарым-қатынас жібі тарихтың ұзын-сонар көшінде үзіліп көрген емес. Сол ұзына бойғы ширатылған керуеннің кей тұсында салынған іздер тым қанық түсіп жатса, бірде оның бедері солғын тартқан тұстары да болған. Қалай дегенмен де, екі арадағы байланыстар қай тарапқа да тиімділік тұрғысынан жүргізілгенде, мүдделестік, әріптестік пен ынтымақтастық тереңдей түскен шақтарда шекараның екі жақ бетіндегі халық оның пайдасын көретіні анық.

Біздің тілшіміз қазіргі Қазақстан-Ресей қатынастары турасында ғылым кандидаттары – саясаттанушы Гүлмира ШЕРИЯЗДАНОВА мен экономист Азамат НҰРСЕЙІТОВКЕ жолығып, бірнеше сауал қойған болатын.

1. Қазақстан-Ресей қатынастарының қазіргі деңгейін қандай дәрежеде деп ойлайсыз?

2. Ресейдің Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруі біздің еліміздің экономикасына қалай әсер етеді?

3. Шекараға жапсарлас жатқан аймақтар ынтымақтастығының екі елдің экономикасындағы маңызы қандай деп бағамдауға болады?

 1. Қазіргі кездегі қарым-қа­ты­настар дегенде, алдымен Кеден одағы мен Біртұтас эконо­ми­калық кеңістік ойға келеді. Бұл­ – біздің еліміздің экономи­ка­лық саясатына айтарлықтай айқын­дау­шы сипат беретін, қа­зақ жұр­тының келешек дамуына күшті әсері бар іс деп білемін. Ел бо­лашағына қатысты үлкен мә­селе болғандықтан, бұл одақ­қа деген түрлі көзқарастардың барлығы белгілі. Бірінші топты мен прагматиктер деп айтар едім. Ол – қазіргідей жаһандану заманында оқшаулану ұстаны­мын ұстану­дың мүлде тиімсіз екенін ұғын­ғандар. Екінші топ – осы одақ­тың құрылуынан эконо­микалық тәуелділік туындап, қоғам да­муы­ның барлық сала­ларында Ре­сей ықпалы күшейіп, бара-бара еліміз тәуелсіздігінен айры­лып қала ма деп қауіптене қарайтындар.

Қазақта мақал бар емес пе, «Шегірткеден қорыққан егін екпес» деген. Қазір қарап отыр­са­ңыз, жаһандану үдерісінің қан­шалықты жойқын күшке айнал­ғанын көруге болады. Тіпті, оны күнделікті тіршілігімізде бастан өткеріп жатқанымызды аңғар­май­тындай қалыпқа жеттік. Ал енді осындай жер жаһандық си­паттағы үдерісте көштен қал­май, экономикасы дамыған, ал­дың­ғы санаттағы елдердің қата­рында болу үшін интеграциялық қадамдардан бойымызды аулақ салу жарамайды. Өйткені, инте­г­рациялану арқасында тұтастай аймақтардың дамуы жүзеге асы­рылады. Нарықтық әлемдегі бә­се­келестікке төтеп беру үшін біз­ге жақын көршімізбен эконо­ми­калық интеграциялану ауадай қажеттілік.

2. БСҰ дегеніміз – алдымен бәсекеге қабілетті елдердің ода­ғы. Оған ену үшін сол елдің бә­секеге шыдас беретін мықты өнім­дері болуы тиіс. Біздің көр­шіміздің амбициясы осы бәсе­ке­лестікке жауап бере алады. Сондықтан да олар бізден бұрын осы одаққа мүшелікке өтті. Біз де алдымызға осы мақсатты қойып отырмыз. Менің ойымша, Ресейдің бізден бұрын оған мүше болуы біздің экономи­ка­мыз үшін тиімді емес. Алайда, біздің еліміздің БСҰ-ға өтуі соншалықты ұзай қоймас деген ойдамын. «Нарық автоматты түрде дұрыстықты жақтайды» деген сөз бар. Ол не? Ол–кім на­рыққа өте икемді, өз пай­дасын шығара отыра әбжіл қи­мылдап, бейімділік таныта алады дегені. Сондықтан, біз­дің өнім шы­ғару­шылар тара­пы­нан осындай қимылдар қажет. Және кейбір отандық өнім шығарушыларға Үкімет тара­пы­нан қолдау да қажет болады деп ойлаймын.

3. Экономикалық әріптестік­те мәңгілік дос, мәңгілік қас деген жоқ, керісінше, тиімдірек, пайдалырақ деген ұстанымдар алға шығады. Бұл ретте бір-бі­рін­ен шалғайда жатқан аймақ­тар­дан гөрі, жапсарлас өңір­лер­дің қарым-қатынастары мейлінше тиімді болмақ. Өйткені, бас­қаны айтпағанда бір-біріне ба­рыс-келіс, қажет затын тасымал­даудың өзі тиімді. Сондықтан өңірлік интеграцияланудың ма­ңызы өте үлкен.

Егер көзімізге жаһандану, интеграциялану үдерісін жүріп бара жақтан эшелонға теңесек, сол жүріп бара жатқан пойызға дер уақытында қалайда отырып үлгеру маңызды. Өйтпегенде, оған артынан қол бұлғап, уақыт кестесіне үлгермеген, қалып қой­ған жолаушының кейпіне енуіміз мүмкін. Әрине, жүріп бара жатқан пойызға жанталаса жармаса міну де оңай емес, алайда, қалсаң – қалдың.

* * *

1. Біздің ең ұзақ қашықтық­та­ғы шекарамыз бар, жақын көршімізбен арадағы қарым-қа­тынасымыз жоғары деңгейде. Қазақстан мен Ресей – бір-біріне стратегиялық әріптес.

Нарықтық әлемде күш­ті­лер­дің ықпалы өктем, салмағы бекем болады. Ал біз күш біріктірсек, осындай әлеуетті иеленеміз. Әлемдік рынокқа көз салсаңыз, аймақтық нарық күшейген сай­ын, ымыраласқан тіршілік ырға­ғы орнаған сайын сол аймақта экономикалық өсу, алға басу қарқындап дамитынын көресіз. Экономикалық өсу бар жерде ха­лықтың тұрмысы да, әл-ауқаты да жоғары болатыны, ертеңіне алаңдамайтыны айқын. Бізге керегі де осы емес пе?!

2. Ресейдің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі – жыл­дар бойына жүргізілген ке­ліс­сөздердің жемісі. Ресей бұл ретте біздің қатынастарымыз бой­ынша өзінің мойнына алған міндеттемелерін орындайды деп ойлаймын. Және де Қазақстан­ның БСҰ-ға мүшелікке өтудегі мақсатына қолдау көрсетеді, елі­міздің осы ұйымға кіруінде қо­сымша бір талаптар қоймайды деген сенімдемін. Себебі, біздер қашаннан көршілес жатқан, бір-біріне дос пейілді елдерміз.

 Ресейдің Бүкіләлемдік сауда ұйымына өтуімен біз­дің өнім шығарушылар ал­дын­да жаңа мін­деттер туындай­ды. Олар нарық сұранысын ба­ғам­дап, өнім шығарудағы шы­ғындарын барынша азайтып, өнім баға­сының бәсекеге қабі­лет­тілігін назарда ұстауы аса маңызды. Бұл – қазақстандық биз­нестің қазір қаперінде мық­тап ұстар қағидаты болуы тиіс. Айтып отырғанымыз, микро деңгейдегі міндет болса, макро деңгейде валюта айырбастауда теңгерім­ділік қажет. Қазақстан-Ресей сыртқы саудасындағы осы жыл­дың 6 айындағы көрсеткіш­тері­не қарайтын болсақ, онда біздегі сыртқы саудада 4 млрд. 464 млн. доллар теріс сальдо аң­ғарылады. Доллар бағамының беталысы Ресей тауарларының бізге әке­лінуіне қолайлы жағдай ту­ғызуда. Осы 6 айдың ішінде Ресей Федерациясының бізге алып келген тауа­ры былтырғы жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 5,8 пайызға ұлғайса, біздің көрші­лерімізге шығаратын өнімдерміз 5,4 пайызға азайып отыр. Сон­дықтан бұл Ұлттық банктің назарда ұстайтын мәселесі деп білемін.

Ал түптеп келгендегі басты­сы – қазақстандық бизнестің өз шығындарын азайтуға деген із­деністерінің қажеттігі. Ол жолда мүмкіндіктерді жан-жақты қа­рас­тырып, қайткен күнде шы­ғындарды азайтуға болады, ол үшін жаңа технологиялар енгізу керек пе, жұмыскерлерді шы­ғын­ды мейлінше азайтуға ынта­ландырып, әйтеуір өнім бағасы нарықтық сұранысқа жауап беретіндей етілуі тиіс.

3. Екі мемлекеттің басшы­ла­рының бір-бірімен жыл сайын кездесулерінің өтуі бұл тек шекара аймағындағы ынтымақ­тас­тық­қа ғана емес, жалпы Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарына өте жақсы әсерін тигізеді. Ал ше­кара маңына жақын өңір­лердің жиналып форум өткізуі оның дәстүрге, жақсы үнқатысу алаңына айналғанын көрсетеді. Осы арқылы тек экономикада ғана емес, әлеуметтік, гумани­тарлық салаларда бірлескен ин­но­вациялық жобалар қолға алы­нып, сол аймақтармен қатар, тұ­тастай елдің өркендеуіне мүм­кін­дік туады.

Павлодарда өтетін форум­ның инновация тақырыбына ар­налуы бүгінгі күннің талабы дер едім. Өйткені, оны күтіп отыр­ған салаларымыз жеткілікті.

Жазып алған

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА.