• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2012

Делиде дүниеге келген қыз

356 рет
көрсетілді

Делиде дүниеге келген қыз

Жексенбі, 8 қаңтар 2012 0:02

Өмірде не болмайды дейсіз. Тараз қаласының ерлі-зайыпты жас тұрғындары Юрий мен Наталья Куликова Үнді еліне саяхаттап барып, елге нәрестелі болып қайтамыз деп ойлаған жоқ.

Олар 5 қыркүйек күні Делиге аттанғанда жас ананың құрсағындағы шарана алты айлық болатын. Бірақ нәрестенің өмірге ерте келуіне Үнді еліндегі сол мезеттегі қатты жер сілкінісі әсер еткен. Дели қаласындағы кіндікшешелер «шала туған» нәрестені қолдан тыныс алдыру үшін бірден барокамераға орналастырыпты. Ол осы «бесікте» 2 ай жатуы керек, ал күнделікті күтімі үшін 350 АҚШ доллары қажет. Өкінішке қарай, саяхатшы ата-аналардың ақшасы таусылған.

Жас жұбайлардың анасы көмек сұрап билікке келді. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Дели емханасындағы қазақстандық нәрестенің өмірі үшін көмек беріп, Сыртқы істер министрлігі арқылы тиісті қаржыны аударды.

Сөйтіп Үнді еліне екеу боп кеткен Юрий мен Наталья елге үшеу боп оралды. Куликовалардың отбасына кеше облыс әкімі Қ. Бозымбаев арнайы барып, Делиде дүниеге келген Злата атты қызды аман-есен оралуымен құттықтап:

- Біз еліміздегі әрбір адамның тағдырына немқұрайды қарай алмаймыз. Қиындық қай кезде де болып тұрады. Мәселе соны қалай шешуде. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық кезеңінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір азаматтың әлеуметтік қажеттілігіне бағытталған дұрыс және тиімді жүйені құрып берді. Сондықтан біз өз азаматтарымызды қиындықта қалдыра алмаймыз, – деді.

Ал Делиде дүниеге келген қыздың әкесі Юрий Куликов:

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына және облыс әкімі Қанат Алдабергенұлына отбасымыздың атынан шын жүректен үлкен алғысымды білдіремін. Өйткені біз жат елде күтпеген жағдайға тап болып, қиналып жатқан кезде бізге телефон шалып, еліміздегі жергілікті билік орындары көмектескелі жатыр деп айтқанда Отан-ана деген сөздің мағынасы шын мәнінде қандай болатынын жете түсіндк. Бұл елімізге, халқымызға деген мақтаныш сезімімізді қанттандырып жіберді, – деді толқып.

Елге келген соң Злата Куликова Алматыдағы балалар ауруханасында тексеруден өтіпті. Қазір нәресте өз үйі, өлең төсегінде өзін өте жақсы сезінуде.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.