• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2012

Бағдарлама өз жемісін бере бастады

373 рет
көрсетілді

Бағдарлама өз жемісін бере бастады

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 6:45

Мемлекетімізде елімізді өр­кендету мақсатында түрлі бағ­дарламалар мен жоспарлар жасалынып жатады. Соның ішінде «Саламатты Қазақстан» атты денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағ­дар­ламаның жөні бір бөлек.Бұл бағдарламаның нәтижесі де өз жемісін бере бастады. Ең бастысы, қазақстандықтар бұ­рын­ғыға қа­рағанда денсаулық қамын көбірек күйттейтін болды десек, бұрнағы жылмен салыс­тырғанда, өткен жылы ВИЧ, яғни адамның иммунтап­шы­лығы вирусына тексерушілер­дің саны 10 пайызға өскені де біраз жайтты айтып тұрғаны анық.

СПИД-тің алдын алу мен күресу жөніндегі республи­калық орталығы мамандарының зерт­теуінше, елімізде 2011 жыл­дың 11 айында ВИЧ инфек­циясына тест тапсырғандар саны – 2048202 бол­са, 2010 жылы бұл көр­сеткіш 1940980 адамды құра­ған екен.Қазақстанда ВИЧ инфекциясына тексерілу ерікті және тегін түрде жүргізіледі. Донорлар ғана міндетті түрде осы дерттен аман екендігін айғақтап отыруы қажет. Ал аяғы ауыр әйелдер ВИЧ ин­фекциясына жүктілік мерзімінде екі рет тексеріледі. Бұл аталмыш дертті дер кезінде анықтап, оны асқындырмаудың кешенді шаралары жасалуы үшін қажет.– Бүгінгі таңда ВИЧ жұқпалы ауруының таралуы 15-49 жастағы топтар арасында 0,2 пайызға де­йін азайды. Бұған Қазақстан Рес­публикасындағы денсаулықты сақ­тау мемлекеттік бағдарламасы ай­тарлықтай оң ықпалын тигі­зуде. ДСҰ сарапшыларының ба­ға­ла­уын­ша, Қазақстан қазір эпи­демияның концентрацияланған кезеңінде тұр, соған сәйкес тұр­ғындар арасында ВИЧ-тің таралуы 0,18 пайыздан аспайды. Бұл Шығыс Еуропа елдері және Орталық Азиядағы көрсет­кіштен бірнеше есе төмен. ВИЧ-тің алдын алу шаралары жоғарыда аталған «Саламатты Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасына сай жүргізіліп отыр, – дейді СПИД-тің алдын алу мен күресу жө­ніндегі республикалық орта­лы­ғының директоры Марат Түкеев.ВИЧ-ке тест тапсырудың нә­тижесі сапалы әрі сенімді болуы үшін еліміздегі барлық СПИД орталықтары ең заманауи диаг­нос­тикалық құрал-жабдық­тармен қамтамасыз етілген.– Мемлекетіміз ВИЧ инфек­циясының бастапқы кезеңінде-ақ тиімді емдеуге көп назар аударады. Диагноз қойылып, ке­шенді емдеу шараларын жүргізу үшін СПИД орталықтары лабо­рато­риялық зерттеулерді қайта тия­нақтайды. Ал лаборато­рия­лық құралдар «Саламатты Қа­зақстан» шаралары жоспарының 102-104-пункт­теріне сәйкес сатып алын­ған, – дейді Марат Түкеев.Сол сияқты аталмыш бағ­дарлама аясында ВИЧ-пен өмір сүріп жатқан адамдарға респуб­ликалық бюджет есебінен тегін дәрі-дәрмектер берілетіндігін де айта кету керек. Өткен жылы осы мақсатқа бөлінген қаражат 1,5 пайызға ұлғайып, 400,8 миллион теңге жұмсалған.Айнаш ЕСАЛИ.Алматы.