• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2019

Алматы облысында «Белсенді өмір» орталығы ашылды

516 рет
көрсетілді

Талдықорғандағы Достық үйінде зейнет жасындағы қарттардың бас қосып, пікір алмасып, уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін арнайы орталық өз жұмысын бастады.

«Белсенді өмір» орталығының ашылуына «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болды. Жаңа орталықта мәдени-рухани клубтар, тіл үйрету және компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Енді зейнет жасындағы қариялар шахмат ойнап, кітап оқып, домбыра тартып, қолөнермен шұғылданып, тіпті фитнес залында жаттығулар жасай алады. Сондай-ақ, ардагерлерді белсенді өмір сүруге баулитын орталықта психолог пен заңгерлер де қызмет көрсетіп, кеңес береді.

- Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында, «Өркен» спорт кешенінде және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университет жанындағы стадионда зейнет жасындағы адамдарға тұрақты түрде тегін қызмет көрсету жұмысы ұйымдастырылады. Ал «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» секцияларын жүргізу үшін мамандар мен белсенді жоғарғы курс студенттерімен және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандарымен келіссөз жүргізіліп, арнайы кесте бекітілді, - дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы