• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2019

Вагон паркінің операторы жаңа клиенттерді тартып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ кірісін көбейтуге дайын

521 рет
көрсетілді

«Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдары басшыларының жиынында 2018 жылдың жұмысы қорытындыланды және 2019 жылдағы міндеттер айқындалды.

Компанияның бас директоры Т.Қойшығұл хабарлап кеткендей, ағымдағы жылы жұмыс істеп тұрған парктерді көбейту міндеттері және вагондарды жөндеу жөніндегі өндірістік бағдарлама толықтай орындалды. Сондай-ақ толық көлемде, қол қойылған келісім-шарттарға сәйкес, вагонжөндеу кәсіпорындары жүк вагондарының барлық түрін жөндеуді жүзеге асырды. 2017 жылмен салыстырғанда «Қазтеміртранс» АҚ ақаулы вагондарының саны 10% қысқарды.

2019 жылы «Қазтеміртранс» АҚ көліктік экспедиция және жүк вагондарының операторы қызметтері берілді. Осыған байланысты жүк вагондарын жөндеудің сапасын арттыру, автоматтандырылған жүйені пайдалану және «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарымен өзараықпалдастық қажеттігі ерекше аталды. Бұның барлығы клиенткемойынбұру мен кірісті арттыру және вагон паркін тиімді пайдалануға ықпал ететін болады.