• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2012

«Елімнің айбыны болғым келеді»

486 рет
көрсетілді

«Елімнің айбыны болғым келеді»

Жұма, 4 мамыр 2012 8:26

Акцияға қатысқан әр жастың жүрегіне осындай ой ұялады

Республикалық «Болашақ бүгіннен басталады» акция­сы­ның аясында қызықты іс-ша­ра­лар жалғасын тауып отыр. Жа­қында Қостанай қаласында «Мен әскерге шақырылдым» шарасы өтті. Оған облыс орта­лы­ғындағы мектептердің жо­ға­ры сынып оқушылары мен колледждер студенттері, әске­ри-патриоттық клубтар мүше­лері қатысты.

 

Жұма, 4 мамыр 2012 8:26

Акцияға қатысқан әр жастың жүрегіне осындай ой ұялады

Республикалық «Болашақ бүгіннен басталады» акция­сы­ның аясында қызықты іс-ша­ра­лар жалғасын тауып отыр. Жа­қында Қостанай қаласында «Мен әскерге шақырылдым» шарасы өтті. Оған облыс орта­лы­ғындағы мектептердің жо­ға­ры сынып оқушылары мен колледждер студенттері, әске­ри-патриоттық клубтар мүше­лері қатысты.

Жастар алдымен Қостанай қалалық қорғаныс істері жө­нін­дегі басқармасында болып, оның жұмысымен танысты. Бас­қарма бастығы Өркен Өтебасов оларға жастарды әскерге шақыру нау­қа­нындағы жұмыстар жөнінде айтып берді. Ол шарт жасасу мен салаға енгізілетін тың жаңалықтарды да ортаға салды.

Әскер қатарына көктемгі ша­­қыру жұмыстары сәуір ай­ын­да басталды. Биыл Ақтау қа­ласындағы еліміздің әскери те­ңіз флотына облыстан алғаш рет 25 жауынгер атта­нды­рыл­ды. Бұрын Қостанай өңірінен қорғаныс саласындағы мұндай бағытқа сұраныс аз болатын. Облыста әскери мамандыққа жастарды баулу жұмыстары да жемісті жүргізіліп келеді. Ша­раға жиналған жастардың әс­ке­ри жоғары оқу орындарына тү­су үшін қандай талаптар қойы­ла­тындығы туралы сауалда­ры­на да мамандар жауап берді.

Жастар осы кездесуде ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Самат Тұрмағанбетовпен еркін әңгімелесті. Бүгінде Қос­та­най қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма келісім-шарт­пен қызмет ететін әскери қыз­меткерлерді жинау бөлі­мі­нің бастығы лауазымындағы С.Тұрмағанбетовті әріптестері елдің нағыз патриоты деп біледі. Ол да бүгінгі жастардай Отан алдындағы әскери боры­шын өтеуге Қостанай ауданы­нан ат­танған болатын. Қап­ша­ғай қа­ласындағы әскери бөлім­шедегі инженерлік сапер бригадасында алты ай дайындықтан өтті. Білікті маманды Қарағанды облы­сының Балқаш қаласындағы ар­тиллериялық қоймадан өрт шық­қанда оқ-дәрілерді залал­сыз­дандыру үшін жедел сонда жіберілді.

– 2001 жылы сол жердегі қоймада өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. От тиіп үлгермеген оқ-дәрілерді біз залалсыздан­дыр­дық, – деді С.Тұрмаған­бе­тов болашақ сарбаздардың алдында. Сол жолы ол мыңнан астам оқты жарылуға жеткізбей жылдамдықпен залалсызданды­рып үлгерген еді. Оның тобы өртеніп жатқан қызыл оттың ішінде ержүректік танытты. Мұны Самат ерлік емес, Отан алдындағы парызымыз деп біледі. Ерлік ісі мемлекеттік наградамен аталып өткен сарбазға сол жолы әскер қатарында қа­лып, келісім-шарт бойынша қыз­мет істеу ұсынылды. Ол бү­гінгі күні әскери қызметте та­бысты еңбек етіп келеді.

Жастар №6697 әскери бө­лім­шесіне келіп, сарбаздар өмі­рі­мен танысты. Олар кинологтар үйреткен иттермен жүргі­зі­летін жұмыстарды тамашалады. Сондай-ақ, болашақ сарбаздар әскери бөлімшедегі бүгінгі қол­даныстағы әскери техникалар мен қару-жарақ түрлерімен та­ныс­ты. Олардың назарына түр­лі қорғаныс көріністері ұсы­нылды.

Шараға қатысқан автомобиль жолдары колледжінің студенті Зәкір Сайдуллаев – қа­ладағы «Қайсар» әскери-пат­риот­тық клубының белсенді мү­шесі. Ол оқуын бітірген соң, Отан алдындағы әскери бо­ры­шын өтеп, одан әрі әскери қызметкер болуды армандайды.

– Мен бүгін көңіліме көп нәрсе түйдім. Біз сарбаздардың парадқа дайындығын да қара­дық. Біздің клуб та парадқа да­йын­дық үстінде. Мұндай шара жас­тардың арасында жиі өткі­зілуі тиіс. Өйткені, жігіттердің барлығы да отан алдындағы әскери борышын өтеуге қазір­ден дайын болуы керек, – дейді З.Сейдуллаев.

«Болашақ бүгіннен баста­ла­ды» акциясы мұнымен шектеліп қалған жоқ, оның шеңбе­рінде Қостанай қаласының іргесіндегі Затобол кентіндегі стадионда үлкен ша­ра­ өтті. Стадионда Қоста­най­дың «Тобыл» футбол коман­дасы мен қызыл­ор­далық «Қай­сар» кездескен болатын.

– Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мәңгі есте ұстау керектігін стадионға жиналған жан­күйер­лер мен спортшылардың есіне салғымыз келді. Өйткені, олар істеген ерлік ешқашан ұмыты­луға тиіс емес, – дейді осы ша­раны ұйымдастырған балалар мен жастар ұйымдары қауым­дас­тығының төрайымы Г.Қапе­нова.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

Қостанай.