• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2012

Сақтанғанның қорғанышы мықты

367 рет
көрсетілді

Сақтанғанның қорғанышы мықты

Жұма, 20 шілде 2012 7:27

Жаз айлары түрлі жұқпалы ау­руларға жол ашатын мезгіл. Осы кезде, әсіресе, тырысқақ, безгек сынды дерттердің өршитіні белгілі. Оның сан түрлі себебі бар десек те, адамдардың өз ден­саулықтарына немқұрайды­лық­пен қарауы да көп жағдайда өкі­нішке ұрындырып жатады. Де­н­саулық сақтау министрлігінде Са­нитарлық-эпидемиологиялық қа­да­ғалау комитетінің төрағасы Жан­дарбек Бекшин өткізген брифингте осындай да ойлар айтылды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартысында еліміздегі санитар­лық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты деуге болады. Тұрғын­дар­дың тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, оба, күйдіргі, дифтерия, сіреспе, аусыл ауруларымен сыр­қаттану жағдайлары тіркелген жоқ. Есесіне туляремияның, без­гек­тің, трихенеллездің бірен-са­ран жағдайы байқалды, деді Ж.Бекшин мырза.Оның айтуынша, өткен жылға қарағанда, биыл жіті вирустық гепатитпен сырқаттанушылар 38,6 пайызға, оның ішінде А вирустық гепатиті 39,3 пайызға, В вирустық гепатиті 32,6 пайыз­ға, қызылша 39,5 пайызға, сарп ауруы 22,6 пайызға, тыныс алу ағзаларының туберкулезі 7,8 па­йызға, сондай-ақ ВИЧ ауруына шал­дыққандар 15,1 пайызға кеміген.Үстіміздегі жылы еліміздің жеті өңірінде ішек инфекциясын жаппай жұқтыру фактілері орын алды. Үй жағдайында және әр­түр­лі мереке-тойлар өткізу барысында қоғамдық тамақтандыру орындарында дайындалған та­мақ­тардың сапасыздығынан бол­ған мұндай жағдайлар туралы БАҚ кезінде жазған болатын.Еліміздің бас санитар дәрігері түрлі жұқпалы аурулардың шекара асып келетінін де жасырмады. Өйткені, еліміз өзге елдермен сауда-саттық және туристік байланыс орнатқан ашық мемлекеттер қатарында. Әсіресе, Ресей, Түркия, Шри-Ланка, Тайланд си­яқ­­ты мемлекеттермен қарым-қа­ты­наста сақтық шараларын ұмыт­паған жөн. Мәселен, биылдың өз­інде Ресейде «Сібір күйдір­гісі», негізгі отаны Тайланд боп есеп­телетін Қырым-Конго қанды без­гегі ошақтары анықталды. Сон­дай-ақ, алыс-берісіміз бірша­ма тәуір елдердің қатарындағы Түр­кияда қызылша, безгек, ты­рыс­қақ ауруларын жұқтыру қаупі бар.

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан».