Мәжіліс Елжан Біртановты Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өткен болатын.
«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе комитет отырысында қарастырылды.
Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Елжан Біртановтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.