• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2012

«Бөбектегі» ертегі әлемі

496 рет
көрсетілді

«Бөбектегі» ертегі әлемі

Бейсенбі, 23 тамыз 2012 7:25

Балалық шақ – бақытты шақ болуы керек. Ғұламалар бізге осындай өсиет қалдырған. «Тәрбие – ұлағатты іс» – деп ұлы ойшыл Әл-Фараби айтпақшы, әрқашан да мәртебелі, әрқашан да мінбері биік игі істер қатарындағы тәрбиенің негізгісі – денсаулық тәрбиесі болып отыр.

 

Бейсенбі, 23 тамыз 2012 7:25

Балалық шақ – бақытты шақ болуы керек. Ғұламалар бізге осындай өсиет қалдырған. «Тәрбие – ұлағатты іс» – деп ұлы ойшыл Әл-Фараби айтпақшы, әрқашан да мәртебелі, әрқашан да мінбері биік игі істер қатарындағы тәрбиенің негізгісі – денсаулық тәрбиесі болып отыр.

Президент Н.Ә.Назарбаев «Жа­ңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында елiмiздiң дамуының жаңа кезе­ңiндегi мемлекеттiк саясаттың бiр бағыты медициналық қызмет көр­сету сапасын жақсарту және ден­саулық сақтаудың жоғары техно­логиялық жүйесiн дамыту болуы керек деп атап көрсеттi. Қазақстан Республикасының денсаулық сақ­тау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарла­масының белгілі міндеттерінің бірі – Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiн дамыту және же­тiлдiру. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назар­баеваның балаларға жасап отырған қам­қорлығын тізбелей беруге де болар еді. Десек те, солардың ішіндегі ең маңыздысы – «Республикалық «Бөбек» балаларды сауықтыру-оңалту орталығы» деп батыл ай­туымызға болады. Бұл орталық 1997 жылы 5 қарашада ашылған болатын.Бүгінде «Бөбек» Ұлттық ғы­лыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы еліміз­дің барлық аумағындағы көп­ба­лалы және аз қамтылған от­ба­сыларға, балалар үйі мен эколо­гия­сы нашар аудандардағы бала­ларға белсенді түрде көмек қолын созып келеді. Мұның ішінде ең нәтижелі бағдарламалардың бірі ретінде денсаулық сақтау қызмет кешенін айтуымыз орынды. Жыл бойында бұл кешенге еліміздің шалғай аудандарынан 1500-ге жуық бала келіп, денсаулығын жақсартады. Ал мамыражай жаз­дың демалысында балалар ден­саулық сақтау лагерінде болып қайтады. Жалпы, 15 жылдың ішінде мұнда 30 000-дай бала болды.Орталық қызметкерлері әр баланың әлеуметтік жағдайымен толық танысады. Ең басты мақсат – балалар денінің саулығы ғана емес, сонымен қатар, рухани-адамгершілік қасиеттерді игеруіне ықпал жасау. Бұл үрдістің бірінші қадамы балалардың күнтізбелік кестесінде көрсетілгендей, шаттық шеңберімен басталады. «Өзін-өзі тану» негізінде білім беру тұ­жырымдамасында үздік деп та­нылған оқыту түрлері мен маз­мұны қолданылады.Орталыққа келген балалардың толыққанды рухани-үйлесімді дамуы үшін барлық жағдайлар қарастырылған: жарық та әдемі ғимаратпен, тамаша емдік-сауық­тыру кешені және бассейнмен қамтамасыз етілген. Барлық жерде балалардың ойдағыдай тыны­ғуына, спорттық ойын кешендері, жазғы саябақтар, бау-бақшалар, ән-би орындары, кітапхана, кино, концерт залдары, психологиялық тынығуға арналып жабдықталған сенсорлы және демалыс бөлмелері мектеп жасындағы балалардың уақытты тиімді өткізуіне зор мүмкіншілік жасайды. «Бөбек» сауықтыру орталығында балалар өз денсаулығын шынықтыру барысында альфа капсула, сауна, тіс дәрігері, физиотерапиялық емдеу, сәулемен емдеу, бумен тыныстау, гидро, тұзды, шырша ванналарын қабылдайды. Қазіргі уақытта са­уықтыру 22 күндік курстан тұ­рады.Лагерьде балалар көптеген қызықты танымдық іс-шараларға қатысады. Обсерваторияға, кітап­ханаға бару, КТК (Көңілді тапқыр­лар клубы) ойындары, ән-би конкурстары, түрлі викториналар және «Бөбек» таңғажайып әле­мімен еркін таныса алады. Орта­лықта өткізген күндерден ұмы­тылмас сәттер, жаңа танысулар, жаңа достар, естен кетпес әсер алу да осы «Бөбектегі» ертегі әлемінің жарқын көрінісі.Шолпан ҚОЛЫМБАЕВА,«Бөбек» ҰҒПББСО Бас директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,Ардақ ҚҰЛТАЙ,«Бөбек» Ұлттық орталығының аға ғылыми қызметкері.