• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2012

Диагноз екі сағатта қойылады

384 рет
көрсетілді

Диагноз екі сағатта қойылады

Жұма, 24 тамыз 2012 7:39

Алматыда Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығында туберкулезді жедел анықтайтын GeneXpert құрылғысын Қазақстанға ресми тапсырылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың елшісі Кеннет Фэйрфакс қатысып, мұндай аппарат сондай-ақ Алматы қаласы мен Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы емдеу орындарына табыс етілетінін жеткізді.

 

Жұма, 24 тамыз 2012 7:39

Алматыда Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығында туберкулезді жедел анықтайтын GeneXpert құрылғысын Қазақстанға ресми тапсырылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың елшісі Кеннет Фэйрфакс қатысып, мұндай аппарат сондай-ақ Алматы қаласы мен Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы емдеу орындарына табыс етілетінін жеткізді.

Қазақстан туберкулез бойынша жалпы эпидемиологиялық жағдайды тұ­рақтан­дыр­­­ған, сондай-ақ туберкулез жә­не көп дәріге төзімді туберкулезді анық­тау және емдеу бойынша жаңа технологияларды белсенді енгізген елдердің қата­рына жатқанмен, әрқай­сы­­сы 15 мың АҚШ доллары тұратын GeneXpert диаг­ностикалық заманауи аппараты құрт ауруын дер кезінде анықтап, дерттің алдын алуға негіз болмақ. Яғни, кішкене ғана аппарат екі сағаттың айналасында құрт ауруының бар-жоғын әрі дәріге қарсы­лығын да нақты анықтап бермек.Бүгінде Қазақстанда туберкулез ауруы­на шалдыққан 25 мың 500 адам тір­келген. Туберкулезге қарсы іс-шара­ларды кешенді орындаудың нәтиже­сінде сыр­қаттану көрсеткіші төмендеп, 100 мың адамға шаққанда қайтыс болу көр­сеткіші 10,6-дан 8,4, яғни 20,8 пайызды құрап отыр. Мамандардың мә­ліметі бойынша, қазір елімізде науқас­тарды емдеу көр­сеткіші 83 пайызды қамтуда.– Бүгінгі таңда Қазақстанда тубер­кулезді анықтаудың жеделдетілген әдісін енгізгелі отырмыз, – деді Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбілдаев. – Бұл халық­аралық USAID ұйымының арқа­сында мүмкін болып отыр. Аппараттың ерек­шелігі – туберкулезбен ауырған адамның екі сағаттың айналасында нә­тижелі ем алынуына ықпал ететін мүм­кіндіктің тууында. Жалпы, Қазақ­станда осыдан екі-үш жыл бұрын ту­бер­­кулезді анықтаудың басқа да жедел­детілген әдістері енгі­зілген болатын. Олар бір аптадан 28 күнге дейін және екі күнде анық­тайтын. Ал бұл аппарат бүгінгі таңда екі сағаттың ішінде диагнозды анық­тап, тиімді, нәтижелі ше­шім­­дер қабыл­дауға мүмкіндік бермек. Сондық­ан АҚШ үкіметіне, USAID халықаралық ұйы­мына, KNCV өкіл­де­­ріне үлкен риза­шылығымызды біл­діреміз.Өз кезегінде сөз алған АҚШ-тың елшісі Кеннет Фэйрфакс мырза алдымен АҚШ үкіметі АҚШ-тың Халық­аралық даму жөніндегі агенттігі арқылы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен KNCV сияқты серіктестерінің қаты­суымен 1997 жылдан бері ҚР Денсаулық сақтау ми­нистрлігі және туберкулез ауруын бақылауды жақсарту жөніндегі Туберкулез мәселелерінің ұлттық орта­лығымен қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатқанын алға тартты.– Соңғы он жылда АҚШ үкіметі Қа­зақстандағы туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны қолдау мақсатында 20 миллион доллардан аса қаражат беріп, көмек қолын созды. Бүгінде туберкулез ауруына бақылау жасауда Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Біз­бен серіктестік бас­талғалы бері туберкулезден қайтыс болу анағұрлым төмен­деді. Соған қара­май, туберку­лез­дің көп дәріге төзім­ділігі Қазақстанда әлі де күрделі проблема болып қалуда. АҚШ үкіметі алдағы уақытта Қа­зақстанмен денсау­лық сақтау саласында әріптестікті табысты жалғастыратын болады. Соның айғағы – туберкулез ауруын жедел анықтайтын 4 GeneXpert құрылғыны сыйға тартуы, – деді елші мырза.Сондай-ақ жиында сөз алған Ден­саулық сақтау министрлігінің медици­налық көмекті ұйымдастыру департа­мен­тінің директоры Ажар Төлеғалиева туберкулезге қарсы күрес 2011-2015 жж. Денсаулық сақтау саласын дамы­туға арнал­ған «Саламатты Қазақстан» бағдар­ламасының басым бағыттары­ның бірі екенін, жыл сайын осы шараға 200 млн. доллардан астам қаражат бөлі­нетінін, дәрі-дәрмекпен толық қамтыл­ғанын жеткізді.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».