• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2019

Тілсіз жау қаһарына мініп тұр

518 рет
көрсетілді

Жақында Қызылорда қаласындағы Қарауылтөбе ауылындағы жеке үйден газ балонының редукторынан газ шығып, атылуының салдарынан үйдің бір қабырғасы опырылып түсті.

Абырой болғанда, үйінді астында қалған екі әйел аман-сау құтқарылған.

«Жұрт жеті ағайынды» дегендей, осы оқиғадан соң іле-шала Аралдағы Қамбаш елді мекеніндегі мектеп өртенді.

- Өрт қауіпсіздігі қызметіне Қамбаш қыстағындағы №21 мектептің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Белгілі болғандай, ғимараттың үстінгі жабындысы тілсіз жауға оранған. Арнайы құтқару қызметінің өкілдері оқиға орнына жеткенге дейін өртті еріктілер мен ауыл тұрғындары ауыздықтады, - дейді ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, тілсіз жау пешті құру кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы салдарынан болуы мүмкін. Бүгінде әкімдіктің күшімен мектеп қалпына келтіріліп, оқушылар сабаққа бара бастады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар