Алматыда муайтайдан ерлер мен балалар арасында дүбірлі жарыс өтіп, түрлі салмақ дәрежелері бойынша мықтылар анықталды.
Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының бас хатшысы Фархат Аманқұлов: «Муайтай – өте күрделі спорт түрі. Бұл өнерде спортшының дайындығы мен шеберлігі өте жоғары деңгейде болуы керек. Мәселен, өткен жылғы біріншілікте қазақстандық Бауыржан Мұхамбетәлиұлы 12-13 жастағы өрендер арасында өткен жарыста ең үздік болып танылды. Бұл жағдай біздің деңгейіміздің өсіп келе жатқандығын аңғартады», – деп атап өтті.
2016 жылы муайтайды Халықаралық Олимпиада комитеті ресми түрде мойындады. Қазіргі кезде спорттың бұл түрін Олимпиада қоғалысына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта Қазақстанда «Спорт-Аккорд» деп аталатын Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары өтеді. Сол жарыс арқылы біздің спортшылар Қытайда өтетін Азия ойындарының қатысу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»