• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Наурыз, 2019

Дабыл қондырғысы тегін орнатылады

1190 рет
көрсетілді

Сақтансаң сақтармын дегендей болуы мүмкін өрт қаупінен сақтандыру үшін Ақтөбеде мұқтаж отбасыларға өрт қаупін сездіру қондырғылары тегін орнатылуда.

         Оның аясы көп балалы тұрмысы төмен отбасылар мен жалғыз басты зейнеткерлерді және мүгедек бала тәрбиелеп отырған жандарды қамтиды. Қажет болған жағдайда алдына да қорғаныс құрылғылары мен өрт шкафтары монтаждалып беріледі. Тұншықтырудан сақтай алатын газ датчигі қызметінің қағидасы өте қарапайым. Оған түтін тиген кезде қауіпті бірден ескертіп қатты дауыс шығарады. Осы шағын дербес қорапшалардың арқасында тұрғындар бөледен уақытынан шығып кете алады дейді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Евгений Овчарский. Жоғарыда айтылғандай тегін өрт хабарлағыш тетікке ие болған көп балалы отбасы иесінің бірі Ербол Берікбаев газет тілшісіне өз ризашылығын былайша білдірді. Отбасында төрт бала өсіп келеді. Жасыратын ештеңесі жоқ жұмыс бабында әрі тұрмыстық қажеттіліктермен үйден шығып кеткен кезімізде перзенттеріміздің қауіпсіздігіне кәдімгідей алаңдайтын едік. Қазір мұндай қауіп ету сезімінен арылып келеміз. Өйткені үйімізге орнатылған қондырғы өте сезімтал. Болар-болмас түтінге де әсер етеді. Балалар әрине отпен ойнамайды. Дегенмен сақтандыру қондырғысын орнатқанның ешқандай артықшылығы жоқ.

         Қазір қаладағы 150 үй дабыл қондырғысымен қамтамасыз етілген. Бұл іс одан әрі жалғасып келеді. Осындай шапағаты мол істің басы-қасындағылар тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды қоса түсіндіріп жүр.  Осы орайда былтыр облыста 475 өрт оқиғасы тіркелгенін айта кеткен жөн. Бұған дейін жасалған зерттеулер мен тексерулер оның басты себебі отты абайсыз пайдалану және қысқа тұйықталу екенін көрсетеді. «Тілсіз жау» 12 адамның өмірін жалмаса, олардың төртеуі балалар екен. Ал биылғы қаңтар айының өзінде тұрғын үй секторында 17 өрт оқиғасы орын алған. Әйтеуір көңілге медеу тұтарлық жәйт бұдан жапа шеккендер жоқ.

Темір Құсайын,

«Egemen Qazaqstan»

АҚТӨБЕ