Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі өтуде. Алғашқы жарыс күнінде гимнастар көпсайыстан жеңімпазды анықтады деп жазады Olympic.kz.
Көпсайыс қорытындысы бойынша сегіз дүркін әлем чемпионы, ресейлік Дина Аверина топ жарды. Ол жалпы есебі 82.950 ұпай жинаған.
Екінші орында оның отандасы Александра Солдатова (82.200) тұр. Үшінші сатыда беларусь өкілі Анастасия Салос (79.350).
Қазақстандық Алина Әділханова жарысты 16-орынмен аяқтады.