• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2012

Владимир Путин: «Қазақстанның үлгісі назар аударарлық»

247 рет
көрсетілді

Владимир Путин: «Қазақстанның үлгісі назар аударарлық»

Бейсенбі, 2 ақпан 2012 8:22

Президент Жолдауында  өт­кен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өскені, ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асқаны атап айтылды. Осы істе елеулі орны бар мәселе – бизнес жүргізуге жа­салған жақсы жағдай. Нұр­сұлтан Назарбаев бұл жайында: «Кәсіпорындардың бизнесті жау­апкершілікпен жүргізудің қа­ғи­дат­тарын сақтауын ынта­лан­­д­ы­ру­дың стратегиясын жасап, жүзе­ге асыру бойынша ұлттық бай­ла­ныс орталықтарын құру қажет», деген болатын.

Қазақстанның бизнес сала­сын­дағы ізденістері халық­ара­лық ауқымда да қызығушылық туғы­зу­да. Осыдан 2 күн бұрын, Мәс­кеуден шығатын «Ведомости» газетінде Ресей Премьер-Министрі Владимир Путин өзінің «Бізге жаңа экономика керек» деп аталатын мақаласын жариялады. Мақалада бұл мәсе­ле­ге байла­ныс­ты былай делінген: «Біз осы жылдың 1 қаң­тарынан бастап бір­тұтас эконо­микалық кеңістік ре­жіміне енген көршілес Қазақ­стан­ның үл­гі­сі назар аударарлық. Қазір бұл ел, Бүкіләлемдік банк­тің баға­лауына сәйкес, тұтастай алған­да бизнеске жасалған жағ­дай бойынша 47-ші орында тұр, ал Ресейдің орны – 120-шы. Бірнеше жылдың ішінде бизнес жүр­­гізуге жайлылықты анық­тай­тын барлық көрсеткіштер бойынша бізбен салыстыруға келетін елдердің үздік көрсе­ткіш­тері­не жақындау міндетін қоюды ұсынамын».