Жұма, 3 ақпан 2012 7:52
Мысырдағы Порт-Саид қаласында орын алған тәртіпсіздіктердің салдары өте ауыр болып отыр. Бұл бассыздық әрекеттерді тіпті қасіретке апарған қадам деуге де болатындай. 74 адамның қаза табуы, 1 мыңдай адамның жаралануы осылай деуге мәжбүрлейді.Оқиға былай болған. Египеттің Порт-Саид қаласында жергілікті «Әл-Масри» және Каирдің «Әл-Ахли» командаларының арасында ел чемпионатының кезекті турына орай кездесу өтіп жатады. 3:1 есебімен жергілікті команда жеңу үстінде екен. Бір кезде олардың фанаттары алаңға жүгіріп шығып, каирлық клубтың ойыншыларына тарпа бас салады.

Бұған ел астанасы жанкүйерлерінің жергілікті команда мен фанаттарын қорлап, тіл тигізетін сөздер жазылған баннерлерді жайып салуы себеп болған сыңайлы. Стадионның қауіпсіздік қызметіне фанаттар бой бермей кеткен. Кейбір мәліметтер полицияның стадионнан әдейі шығарып жіберілгенін айтады.Сөйтіп, жаппай төбелес суық қару қолдануға ұласады. Соның салдарынан соңғы дерек бойынша 74 адам көз жұмған. Стадиондағы тәртіпсіздіктерден кейін қалаға әскери бөлімдер енгізіліпті. Жанкүйерлер мен олардың туысқандары стадиондағы оқиғаға билікті кінәлап отыр. Жаппай төбелеске билік арандатты. Өйткені, жанкүйерлер мысырлық төңкерілісшілер арасында үлкен құрметке ие. Сондықтан билік каирлық жанкүйерлерді кінәлі етіп көрсеткісі келді, дейді олар.Соңғы мәлімет бойынша, оқиғаға байланысты 47 адам тұтқынға алынған. Бұл жөнінде елдің сыртқы істер министрі мәлімдеген. Оның айтуынша, кінәлілерді іздестіру жалғастырылуда.Ал кеше Каир көшелеріне орын алған оқиғаға наразылық білдіріп, мыңдаған адам шықты. Акцияға қатысушылар Ніл өзенінің жағалауына тосқауыл қойып, бірқатар автожолдарды жауып тастады. Қаланың басқа аудандарында да көшеге шыққандар бар. Олар уақытша мемлекет басшысы – Мысыр қарулы күштері Жоғары кеңесінің төрағасы маршал Хусейн Тантауиді жауапқа тартуды, тіпті өлім жазасына дейін кесуді талап етуде.Осындай елді елең еткізген оқыс оқиғалар ауызбірлігі жоқ, берекесі кеткен елде орын алса керек.