Батысқазақстандықтарға атаулы әлеуметтік көмек енді қандай мөлшерде бағытталатыны, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен бюджеттік қызметкерлер ай сайын қанша алатындығы, Батыс Қазақстан облысының алыс аудандары таза ауыз сумен қалай қамтамасыз етіледі және Орал қаласында өткен тағы көптеген мәселелер туралы партиялық активте талқыланды.
27 ақпанда өткен Nur Otan партиясының XVIII съезі қойылған мәселелердің сипаты мен ауқымы жағынан тарихи съезд болды, деп атап өтті БҚО әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов.
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен партия қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша әлеуметтік саладағы реформалардың тағдыры үшін жауапкершілікті өзіне алды. Сонымен қатар, ел Президенті барлық мемлекеттік органдар мен партиялық көшбасшылардың назарын Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсарту жөніндегі ұйыммен қатар жұмысты жандандыруға аударды, - деді Алтай Көлгінов.
- Біздің өңірде он колледж қазіргі заманғы стандарттар бойынша жұмыс істей бастайды. Бұл - жұмысшы жастарды, сондай-ақ педагогтер мен медбикелерді сұранысқа ие мамандықтарға үйрететін колледждер. Түлектерді жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ол сондай-ақ автожол желілерін жақсарту, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, шалғай елді мекендерді газдандыру мәселелеріне тоқталды. Жалпы БҚО тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша жұмыс тұрақты жүруде. БҚО әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева атаулы әлеуметтік көмек және басқа да төлемдер туралы айтып берді.
- Облыс бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 2100 ата-анаға жәрдемақы мөлшері 30% - ға арттырылатын болады. Сондай-ақ, бірінші топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 538 ата-анаға берілетін жәрдемақы мөлшері 40 мың 538 теңгені құрайды, - деп атап өтті ол.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30% - ға дейін арттыру жоспарлануда, олар облыстың 56 мың тұрғынын қамтиды. Ол әр түрлі саладағы жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыруды, тұрғын үй құрылысы жөніндегі жоспарларды және тағы басқа жайттарға егжей-тегжейлі тоқталды. Ағымдағы жылы қалада 20 көппәтерлі үйдің және ауылда 70 тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.
Сондай-ақ, облыста газдандыру бойынша үш жоба іске асырылуда, оның аяқталуы бойынша БҚО-да халықты газдандыру 96,4% - ға жетеді. Партия активінің жұмысына көп балалы аналар да қатысты. 30 жасар Жанна Әділбаева Теректі ауданының тұрғыны. Күйеуі екеуі 5 бала тәрбиелеп отыр. Ол аудандық ауруханада әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді.
- Осыған дейін де, қазіргі уақытта да мемлекет тарапынан көмек көріп жатырмыз, - дейді көп балалы ана.
- Атаулы әлеуметтік көмек береді деп былтыр есептеткенде біздің отбасымызға 300 мың теңге шықты. Сосын біз ірі қара мал алдық жарты ақшасына, жартысына жем-шөп алдық. Соның енді бізге үлкен көмегі болады деп ойлаймын. Сүті бар, еті бар деген сияқты. Әрі қарай көбейтеміз деген ойдамын.